Атырау облыстық ауруханасында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ұйымдастыруымен өткір ішек аурулары және тамақтан уланудың алдын алу жөнінде семинар-кеңес өтті.
Санитар дәрігерлердің айтуынша,тамақтанулану жағдайлары, әсіресе, жаз мезгілінде жиілей түседі. Көбіне тамақтан улану тойдан, садақадан қалған тағамдарды ертесіне пайдаланғаннан болып жатады.Мәселен, осы жылдың 22 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында тамақтан улану фактісі тіркеліп, 52 адам зардап шекті, олардың 4-уі - балалар. Олар той біткеннен кейін тойдан қалған тағамдарды келесі күні сейілге шыққанда пайдаланған.
Бүгінде осы мәселені болдырмау мақсатында облыстағы 172 тойханаға түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Айнұр САПАРОВА