Атырау, 10 желтоқсан 01:02
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Сенсэйдің шеберлік сабағы

2 300 просмотра

Өткен демалыс күндері Атырауда Константин ЗЛОБЕНКОНЫҢ жетекшілігімен айки-атеми-дзютсудан семинар өтті.

К. Злобенко - айки-атеми-дзютсудан 7-ші, есинкан айкидодан 5-ші дан иегері, ҚР Джиу-джитсу федерациясының мүшесі, Орталық Қазақстан айкидо және джиу-джитсу федерациясының басшысы.

Ол өзінің айкидо, джиу-джитсу және соққы техникасының әдістерін біріктіретін айки-атеми-дзюцу бағытын алғаш рет Қазақстанда 2011 жылы патенттеген болатын. Злобенко, сондай-ақ, қазақстандық айқас өнері әлемінде «Сакура» әйелдердің өзін-өзі қорғау жүйесін жасап шығарғанымен де танымал.

- «Сакураны» әзірлеуіме қызымның үлкен әсері болды, - дейді К. Злобенко. – Мен 20 жылдан аса уақыт жекпе-жек түрлерімен айналысамын. Қызым бала күнінен бері мұны көріп келеді және бұған қызығушылығының оянғанына таң қалуға болмайды. Жалпы, қыздар ер адамдардан физикалық тұрғыда әлсіздеу болып келеді, сондықтан да «Сакураны» әзірлеуде орындалуы оңай, бір жағынан өте тиімді әдістерді таңдап алдық.

Айта кетсек, 13 жасар Софья ЗЛОБЕНКО мен тағы бір шәкірт Юлия ДИЕНКОВА биыл әскери джиу-джитсудан (комбат джиу-джитсу) әлем чемпионы атанды. Чемпионат сәуір айында Суздальде өтті.

Атырауда Орталық Қазақ-станның айкидо-джиу-джитсу федерациясы өткен жылдың қазанынан бастап жұмыс жасайды. Қазір онда 30-ға тарта спортшылар шұғылданады, шәкірттер, негізінен, төменгі және ортаңғы сынып оқушыларынан құралған. Соларға және басқа да барлық ниет білдіргендер үшін сэнсей екі оқыту сабағын өткізді. Бірінші кезекте балалар айқас өнерінің философиясымен танысса, кейіннен, семинардың практикалық бөлігінде тыңдаушыларды қолданбалы айқас техникаларымен таныстырды.

Семинар қатысушыларды аттестациялаумен аяқталды. Кейбір шәкірттер өз деңгейлерін көтере білді. Аттестация нәтижелері бойынша балалар келесі дәрежелерге ие болды: Роман Ногов – 1-ші кю, Григорий Никифоров – 5–ші кю, Назым Әмірлан – 7-ші кю, Александр Мамыкин – 7-ші кю, Селена Шаянбаева – 7-ші кю, Руслан Шаянбаев – 8-ші кю, Данила Семьянистов – 8-ші кю. Ал Орталық Қазақстанның айкидо-джиу-джитсу федерациясының атыраулық өкілеттілігінің басшысы Александр Богуславский шебер дәрежесіне емтиханды сәтті тапсырып, аттестациядан өтті. Нәтижесінде оған 1-дан берілді.

- Балалар тырысып бағуда, бұл көрініп тұр. Өкінішке орай, бүгінгі күні олардың жеке орынжайлары жоқ, залды жалға алып, жаттығу уақытын шектеуге мәжбүр. Өкінішті-ақ, өйткені бұл спорт түрінің үлкен әлеуеті сезіліп тұр, - дейді К.Злобенко.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.