Атырау, 11 қазан 06:56
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ұры үй иесін пышақтады

2 277 просмотра

27 мамырда сағат 8-де Махамбет селосындағы жеке үйден ішіне пышақ жарақаты салынған 51 жастағы әйел адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлады.

Қылмысты тергеу үшін облыстық ІІД криминалдық полициясының қызметкерлерінен тұратын жедел топ құрылып, күдіктіні сол күні кешке ұстады. Ол Махамбетте уақытша тұратын 20 жастағы Атырау тұрғыны боп шықты.

Ұсталушы ұрлық жасау мақсатында таңертең жеке үйдің терезесі арқылы үйге түсіп, қожайын әйелмен бетпе бет келіп қалғанын мойындады. Ол соның алдында басқа үйлердің бірінің сарайынан ұрлап алған пышақпен әйелдің ішіне бірнеше соққы жасаған. ҚР ҚК-нің 96-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 мамыр 2013, 22:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.