26 мамырда «Судоремонтник» стадионында футболдан ел чемпионатының 13-ші туры аясында «Атырау» мен «Қайрат» (Алматы) кездесті.
Екі команда да ойын барысында сылбыр қимылдағандарын айтып өткен жөн. Алаң ортасында доптан айырылып, қақпаға қиыс тебілген соққылармен алмасты. Ойын матчы соңына қарай қыза түсті. «Атырау» ойыншысы Тарас Данилюк айып соққысын орындап, есеп ашты – 1:0. Қонақтар есепті теңестіру үшін толассыз шабуылдарға көшті. Ойынның соңғы секундтарында Сергей Бойченко қақпасының маңындағы қарбаластың бірінде алматылықтар допты қақпаға енгізді. Қорытынды есеп – 1:1. Жанкүйерлер стадионнан көңілсіз қайтты.
13-ші турдан кейін «Атырау» 14 ұпаймен 9-орында келе жатыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВА