Атырау, 21 ақпан 03:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

4 жоба мақұлданды

2 529 рет қаралды

Аймақтық үйлестіру кеңесінің (АҮК) кезекті отырысында Атыраудың ірі жолаушылар тасымалдаушысы - «Айс Транс Холдинг» (АИС) ЖШС-нің «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жаңа автобустар сатып алу үшін несие алу жөніндегі өтінімі мақұлданды.

Естеріңізге салсақ, «БЖК-2020» шеңберінде мемлекет «Даму» қоры арқылы екінші деңгейлі банктерде 7 пайызға дейін несиелерін өтейді. «Айс Транс Холдинг» 200 млн теңге сомасында «Еуразия банкі» АҚ-нан несиеленеді. Несиелеуді субсидиялау жөнінде кеңеске кәсіпкерлер ұсынған басқа 9 өтінімнің төртеуі мақұлданды. Олардың ішінде «Селбаева» ЖК-ның газ бетонын өндіруге арналған жабдықтарды сатып алуға (15 млн теңге); «Ханшатыр» ЖК – балабақшаға арналған жылжымайтын мүлік, жабдықтар мен автокөлік сатып алуға (26,2 млн теңге); «Техно Парк Каспий» ЖШС-нің – сервистік қызмет көрсету, көлік жөндеу орындары мен мейманханалар ашу үшін «Құрылыс ауласы» өндірістік базасын алуға (134,1млн теңге) өтінімдері бар.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.