Атырау, 14 қараша 06:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 492.17
€ 522.39
₽ 5.00

Партия артық салмақпен күреседі

2 647 просмотра

«Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалы қызметкерлерінің «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясымен бірлесе жүргізген рейді барысында Атырау-Орал тас жолында қиыршық тасты құм тиеген 7 прицепті КамАЗ жүк машинасы ұсталды.

Партия филиалының жемқор-лыққа қарсы күрес бойынша қоғамдық кеңесінің төрағасы Муса ХАЙРОЛЛАЕВТЫҢ айтуынша, Атырау-Орал тас жолындағы жүк машиналарының шекті салмақ нормасы алдыңғы өске – 10 тонна, артқы қосарлана күшейтілген өске – 16,5 тоннаны құрауы керек. Ұсталған машиналардың артқы қосарланған өсінде салмақ 26,3 тоннаны құрады. Нәтижесінде жүргізушілерге ӘҚБК-ның 463-бабы 3-тармағы бойынша (ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасу ережелерін бұзу) материалдар ресімделіп, жалпы сомасы 1,1 млн теңге болатын айыппұл өндірілді.

Таситын жүктерінің салмағын арттыру жазғы уақыттарда жолдың асфальттық жабындысы еріп тұрғанда зор қауіп туғызады. Нұротандықтар мен көлік инспекциясының біріккен рейдтері 16 маусымға дейін созылады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.