Атырау, 30 қараша 21:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Спорт жаңалықтары

4 072 просмотра

Спорт нашақорлыққа қарсы

Осындай ұранмен Атырауда Дене тәрбиесін дамыту орталығы ұйымдастырғандзюдодан турнир өтті.

Жеңімпаздар: (ер балалар) 38 келіге дейін -Ермек Амангелді, 42 кг дейін – Жәнібек Тельманов, 46 кг дейін - Айбек Ыстыбай, 50 кг дейін - Әділет Кұлшым, 55 кг дейін - Есім Табылдыұлы, 60 кг дейін - Айбек Сарсекен, 66 кг дейін - Аян Өмірбек, 73 кг дейін - Бауыржан Сәрсенбай, 73 келіден жоғары - Исатай Абаев; (қыздар) 36 кг дейін - Мақпал Қожаева, 40 кг дейін - Гүлжаухар Қоныбекова, 44 кг дейін - Зоя Сағынова, 48 кг дейін Айдана Тиянова, 52 кг дейін - Гүлнұр Жакиева, 57 кг дейін - Диана Амангелдиева, 63 кг дейін – Алина Бисенбаева және 63 келіден жоғары - Айшат Мұратқызы.

***

 

Жүгіре жүріп, оқ атқан

Жеңіс саябағында кәсіби техникалық білім беру саласының еңбек сіңірген қызметкері Қадыр Исмағұловты еске алуға арналған ер балалар мен қыздар арасында жазғы биатлоннан (жүгіру және ату) турнир өтті.

Жарысқа 9 команда қатысты. Қорытындысында 1-орынды политехникалық колледж, 2-орынды медициналық, 3-орынды энергетикалық колледж жеңіп алды. Жеке сайыста К. Миронов (политехколледж) пен А. Заирова (медколледж) жеңімпаз атанды.

***

 

 

Айдос - ең пайдалы ойыншы 

«Мұнайшы» спорт кешенінде орта арнайы оқу орындарының оқушылары арасында мини-футболдан турнир өтті.

Жасыл алаңда аграрлық, политехникалық, медициналық, Қазіргі заманғы Каспий маңы, инженерлік-гуманитарлық, бизнес және құқық колледждерінің командалары шықты. Қорытысында гуманитарлықтар 1-орын, аграрлар – 2-орын, «каспийліктер» 3-орын алды. Турнирдің үздік ойыншылары: қорғаушы - Данияр Жәрдемов, шабуылшы  - Айдар Сәлімов, ең пайдалы ойыншы – Айдос Батанов, қақпашы - Өтеген Сатқанов.

***

 

Есеп тең түсті

26 мамырда «Судоремонтник» стадионында футболдан ел чемпионатының 13-ші туры аясында «Атырау» мен «Қайрат» (Алматы) кездесті.

Екі команда да ойын барысында сылбыр қимылдағандарын айтып өткен жөн. Алаң ортасында доптан айырылып, қақпаға қиыс тебілген соққылармен алмасты. Ойын матчы соңына қарай қыза түсті. «Атырау» ойыншысы Тарас Данилюк айып соққысын орындап, есеп ашты – 1:0. Қонақтар есепті теңестіру үшін толассыз шабуылдарға көшті. Ойынның соңғы секундтарында Сергей Бойченко қақпасының маңындағы қарбаластың бірінде алматылықтар допты қақпаға енгізді. Қорытынды есеп – 1:1. Жанкүйерлер стадионнан көңілсіз қайтты. 13-ші турдан кейін «Атырау» 14 ұпаймен 9-орында келе жатыр.

***

 

Құрамада бір атыраулық бар

Астанада футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі (U-17) жасөспірімдер құрамасы ҚР Президенті кубогын жеңіп алды. Алғашқы Қытай құрамасына қарсы өткізілген маңызды ойында атыраулық ойыншы Валерий АНДРЕЕВ (суретте оң жақта) жалғыз доптың авторы атанды.

Валерий футболшы отбасында дүниеге келді және ер жетті. Әкесі – белгілі жергілікті футболшы, «Болат» командасының және облыстық футбол ардагерлері құрамасының ойыншысы Андрей Андреев. Ол 6 жасар Валерканы «Атырау» футбол клубының дайындық тобына, бапкер Тимур ҮКІБАЕВҚА әкелді. Болашағынан зор үміт күттірген баланы, жасы толғанда, елдің жасөспірімдер құрамасына алды. «Атырау» ФК-ның жасөспірімдер тобында шабуылшы болып ойнайтын Валера Қазақстан құрамасында бапкерлер шешімімен қорғаушы қызметін атқарады. Алайда шабуылға да жиі араласып тұрады. Қазір ол Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің алдында жаттығу жиынына қатысу үшін Минскіге кетті. Жарайсың, осы қалпыңнан тайма!

***

 

Жаужүрек Ақмарал

Қарағандыда өткен әйелдер боксынан республикалық турнирде 16 жасар атыраулық спортшы Ақмарал ШАМШИДЕНОВА (суретте) алтын медаль иеленді.

Жеңістің бәсі жоғары еді: өз салмақ дәрежесінің жеңімпаздары қараша айында Румынияда болатын жастар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды. Жаттықтырушы Әлібек Көшеновтың айтуынша, жарыста 80 келіге дейінгі салмақта Ақмаралдан басқа қатысушы болмады, сондықтан да Қазақстан құрамасының бас бапкері Болат Ниязымбетов оны 80 келіден жоғары салмаққа қатыстыруды ұсынды. Ақмаралмен ақылдасқан Ә. Көшенов тәуекелге бел буды. Өзіне салмағы үлкен, яғни мықты қарсыластармен айқасу Ақмаралды қыздыра түсті. Алғашқы айқасында аруымыз тараздық қарсыласын бірінші раундта-ақ тізе бүктірді. Ал финалда шабуылға иек артып, Астана қаласынан келген спортшыны айқын басымдықпен ұтты.

Ақмарал Қазақстан құрамасына 80 келіге дейінгі салмақ бойынша ілікті.

Сурет «ЖС» мұрағатынан

***

 

Мектептегі гандбол

№6 мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған гандболдан екі күндік облыстық оқу-тәжірибе семинары өтті.

Қала мен аудан мектептерінен келген 80 дене шынықтыру пәні мұғаліміне семинарды ҚР спорт шебері, облыстың аға бапкері Лариса Сирота жүргізді. Педагогтарға ойын ережелері мен төреші қимылдары үйретілді. Содан кейін семинарға қатысушылар командаларға бөлініп, бір-бірімен гандбол ойнады.

***

 

«Олимп» шыңында -Қызылқоға

Стройконторадағы «Олимп» спорт кешенінде волейболдан облыс чемпионаты өтті.

Әйелдер арасында чемпионатта «Интергаз» командасы, ерлер арасында Қызылқоға ауданының командасы жеңіске жетті. ТөрешіН.Қайырлиевтың айтуынша, командалар қатарында Арман Сағынбаев (Қызылқоға ауданы),Парасат Шәріпов(Индер ауданы), Жәнібек Қапуов (АМӨЗ), Ирина Каденцева («Интергаз») және Ботагөз Итсекова (Атырау қ.) үздік ойыншылар атанды.

***

 

Балаларға спорттық тарту

«Спешл Олимпик» ҚБ қолдауымен №1 мектеп-интернаттың спорт залында баскетболдан облыстық турнир өтті.

Жарыс ер балалар (6 команда) және қыздар (5 команда) арасында өтті. Қыздар арасында 1-орынды №1 мектеп-интернат командасы, 2-орынды Махамбет қосалқы интернаты, 3-орынды кәмелет жасқа толмағандарды уақытша бейімдеу және қалпына келтіру орталығының командасы жеңіп алды. Ер балалар арасында: 1-орын - №1 мектеп-интернат, 2-орын – Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп, 3-орын – И. Тайманов атындағы мектеп. Турнир демеушілері барлық балаларға спорттық киімдер мен баскетбол доптарын сыйға тартты.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.