Атырау, 17 мамыр 11:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Барлық жаңалықтар

Жайықтағы із кесу Қоғам

Жайықтағы із кесу

Полицей бекетінен жиырма метр жерде жылы камуфляж киген бір топ адам үкіден ау қайырып жатып, «Түс, балығым, түс, - деген сөздерді айтқан болар... Өткен сенбіде «АЖ» тілшісі Жайық сағасына барып, браконьерліктің бұрынғыша өркендеп жатқандығына көз жеткізіп қайтты. 23 ақпан 2011, 00:00 4 310 просмотра
Жем бағасына кім бақылау жасайды? Экономика

Жем бағасына кім бақылау жасайды?

Алдымен облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ жеке блогындағы мына бір жазбаға үңілейік: «Мен сізге анамның өтініші бойынша шағымданып отырмын. Оның жасы 82-де, 25 мың теңге зейнетақы алады. "Дина" базары маңындағы жеке меншік үйде  өз қажетттілігі үшін ұстап отырған сиыры мен аз-мұз үй құстары бар. Құрама жемді "Дина" ауданындағы Хозторг базарынан сатып алады. Алайда биыл жем бағасы адам айтқысыз аспандап кетті. Кебектің 1 қабы -1000 теңге тұрады, ол былтыр бар болғаны 300 теңге болған еді. Неге? Жемнің бағасы да күн сайын көтеріліп отыр. Бидай дақылы - 3000 теңге тұрады. Жем мен шөптің  бағасының қымбаттылығы салдарынан Елшібек, Геолог поселкелеріндегі мал басы толық жойылып бітті» - деп жазады Жаннат ШАЯХМЕТҚЫЗЫ. 23 ақпан 2011, 00:00 7 566 просмотра
Азғыр аздырып барады Экология

Азғыр аздырып барады

Зардабы зерттелмеген зобалаң Облыстық әкімдікте Құрманғазы ауданындағы тоқтатылған «Азғыр» полигоны бойынша кеңес болып өтті. Полигон аумағында 10 тәжірибе алаңдары орналасқан. Онда 1966-1979 жылдар арасында түрлі қуаттылықтағы 17 жерасты жарылыстары жасалған. Содан бері бөлінген бәленбай миллион бюджет қаржысына қарамастан, «ұйқыдағы» полигон қауіпсіз боп қалған жоқ, азғырлықтардың өмір сүру жағдайлары да жақсарған жоқ. 23 ақпан 2011, 00:00 6 764 просмотра
Белгілі театр сыншысы Әшірбек СЫҒАЙ: «Бізде сәл сын айтқан адамды жау көреді» Мәдениет

Белгілі театр сыншысы Әшірбек СЫҒАЙ: «Бізде сәл сын айтқан адамды жау көреді»

Өткен аптада Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрын аттестациялауға Алматыдан арнайы келген театр сыншысы, профессор Әшірбек СЫҒАЙ жергілікті актерлардың ойынына өзінің лайықты бағасын беріп кетті. Атырау театрының репертуарындағы «Қарагөз», «Махаббат мұнарасы», «Супер келін» спектакльдерін көріп тамашалаған сахна өнерінің жанашыры Қазақстан театрының бүгінгі ахуалы жөніндегі ой-пікірімен де бөлісті. 23 ақпан 2011, 00:00 9 332 просмотра
Жер телімі әлі де талайға арман Қоғам

Жер телімі әлі де талайға арман

Шабандап қалған тізбекті кезек Тегін жер алу үшін кезекте бес-алты жыл, тіпті, одан да көп жылдар бойына тұрған адамдар кезектің қалай болғанда да жылжуы тиіс екендігін біледі. Атырауда жылына қанша жер учаскесі берілсе, кезек те сонша алға жылжуы тиіс қой. 23 ақпан 2011, 00:00 7 503 просмотра
«Даму-Көмек» мүгедектерді қолдайды Қоғам

«Даму-Көмек» мүгедектерді қолдайды

«Біздің «Өмір гүлі» ұжымында музыканттар да, әншілер де, бишілер де бар. Жаңадан жұмыс жасай бастағанымызда 15 адам болды, ал бір жылдан соң 40 адам болдық. Мектептерге, колледждерге, Жасөспірімдер үйіне, «Ақбота» балалар үйіне және т.б. жерлерге үнемі өнерімізді көрсетеміз. Екі айда бір рет қалалық мәдениет үйлеріне міндетті түрде концерт беріп тұрамыз», - дейді мүгедектер ансамблінің жетекшісі Таня ЖАКУПОВА өз жұмысы туралы құлшыныспен әңгімелеп. Мұның бәрін олар қай уақытта үлгереді екен деп таң қаламын. Мүгедектер туралы сөз қозғалса, көз алдыңа мүмкіндіктері шектеулі ғаріп жандар елестей кетеді ғой. Алайда Таня ондай жандардың қатарынан емес. 23 ақпан 2011, 00:00 3 842 просмотра
Шыны түтіктегі шарана Қоғам

Шыны түтіктегі шарана

Бұрын бүлдіршін өзінің қайдан пайда болғанын сұраса, әдетте қысылған ата-ана «аһ дегенде аузымнан түстің» немесе «құс әкеліп тастады» деп жататын. Енді «шыны түтіктен пайда болдың» деген жауапты да айтуы мүмкін. 2010 жылы алматылық дәрігерлердің шеберліктерінің арқасында пайда болған 60-тан аса атыраулық сәби дүниеге келген. «АЖ» сұрақтарына «ЭКО» алматылық экстракорпоральды ұрықтандыру орталығының директоры Тамара ЖҮСІПАЛИЕВА жауап берді. 23 ақпан 2011, 00:00 7 235 просмотра
Экономика

Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме бекітілді

Қазақстанда енді несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі реттелетін болады. 20-шы ақпанда ипотекалық несиелеу және қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелерін реттейтін заң күшіне енді. 23 ақпан 2011, 00:00 4 833 просмотра
Қоғам

«Кәсіподақ төрағасын тыңдауға міндетті емеспіз»

Қашағаннан жетіп жатқан хабарларға қарағанда, ол жақатағы еңбек қатынастары мәз емес. Ал жұмысшылардың құқықтарын қорғау үшін сөз жоқ, мықты кәсіподақтар қажет. Бірақ мұндай қауқарлы кәсіподақтар бар ма, әңгіме сонда. 23 ақпан 2011, 00:00 3 373 просмотра
Елбасын бұрынғыша сайлайтын боламыз Саясат

Елбасын бұрынғыша сайлайтын боламыз

3 сәуірде өтетін президент сайлауында атыраулықтар тек қағаз бюллетендер арқылы ғана дауыс бере алады. Орталық сайлау комиссиясы енгізу үшін миллардтаған теңге жұмсалған «Сайлау» электронды дауыс беру жүйесінен бас тартуға шешім қабылдады. 23 ақпан 2011, 00:00 3 994 просмотра
Астананың аязы Атырауға ауды Қоғам

Астананың аязы Атырауға ауды

Бүкіл Қазақстан бойынша күннің суытқаны байқалады. Аяқ астынан басталған аяз көптеген қалаларда, соның ішінде Астана мен Өскеменде мектептегі сабақтарды болдырмай тастады. Атыраулық оқушылар әзірге аялдамаларда автобус күтіп бүрсеңдеуге мәжбүр. 23 ақпан 2011, 00:00 3 407 просмотра
Қоянжырық қайдан пайда болады? Қоғам

Қоянжырық қайдан пайда болады?

Облыста іштей туа біткен ерін, қызыл иек, қатты және жұмсақ таңдай жарығымен туылған балалар саны соңғы мәлімет бойынша 172-ге жетіпті. Халық арасында ондай белгілерді «қоянжырық» және «қасқыр ауыз» деп атайтыны аян. Алайда, қаламыздағы бас балалар стоматологы Таласбай ОРАЗБАЕВ «осындай аномальді даму белгісін олай атауға мүлдем болмайды, бұл ота жасатып, оңалып шыққан балалардың және олардың аналарының жанын қайта жаралайды» дейді. Ал облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВАНЫҢ айтуынша, мұндай іштей туа біткен ақауларды нәресте жарық дүниеге келмей тұрып УЗИ-дің көмегімен алдын алуға болады екен. Қалай дейсіз ғой? Жүкті әйелдерге түсік жасатуға ұсыныс беру арқылы.  18 ақпан 2011, 00:00 27 868 просмотра
Магниттік дауылдың әсері Басқа жаңалықтар

Магниттік дауылдың әсері

«АЖ»-ға Қазақстан Республикасының ионосфера институтының қызметкері Ирина ЦЕПАКИНА хабарлағандай, спутник күн бетінен орташа және үлкен қуаттылықтағы жарқылдар тізбегін тіркеген. Бұл Х класына жатады – мұндай құбылыс соңғы рет 2006 жылдың желтоқсан айында байқалыпты.  17 ақпан 2011, 00:00 13 509 просмотра
Экономика

Айлықтың «айласын» асырғандар

Атырау облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша, 2010 жылы желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық номиналдық еңбекақы 164 035 теңгеге тең болған. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы. 2009 жылдың желтоқсанындағы өсім 12,2 пайызды құраған. 17 ақпан 2011, 00:00 2 780 просмотра
«Өнеркәсіп өнімінің көлемі» триллионға жетті Экономика

«Өнеркәсіп өнімінің көлемі» триллионға жетті

Кеше Атырау облысының әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ облыс активінің алдында өткен жылдағы атқарылған істердің есебін беріп, ағымдағы жылдың міндеттерін белгіледі. Баяндаманың негізгі желісі мынадай еді: «Қалауын тапса, қар жанар». Өткен жылғы есеп берулерге қарағанда, бұл жолы «Атырау» мәдени орталығының ғимаратында полицейлер жасағы болған жоқ,  екі полицейден басқа сұлбаларына қарағанда, төменгі шенді  шенеуніктерге ұқсамайтын  штаттық киім киген екі ер адам ғана болды. Б.Рысқалиев  мәлімдегендей, оның бұйрығы бойынша көшеге микрофон орнатылған болып шықты, залға кіре алмаған жұртшылық өкілдері оған өздерін толғандыратын сұрақтарын қоя алады екен. 17 ақпан 2011, 00:00 3 345 просмотра
«ЖКХ» және суға батқан жертөле Қоғам

«ЖКХ» және суға батқан жертөле

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен әйгілі академик Зейнолла Қабдолов атындағы Кітап үйі орналасқан ғимараттың жертөлесі ыстық суға толған. Бөлім қызметкерлері мен келушілер сасық иісті бумен уланып қана қоймай, миллион теңгеден астам сомадағы кітап басылымдары тауарлық бейнесін жоғалтуы мүмкін. 17 ақпан 2011, 00:00 4 481 просмотра
Қоғам

Жаңа жүйемен жылытылатын нысандар мекен-жайы белгіленді

Естеріңізде болса,  биылдан бастап бүкіл республика бойынша автоматтандырылған жылыту пунктерін қондыру жобасының енгізілетіні жайлы газет бетінде жарияланған болатын («ЖС», №4, 27-қаңтар, 2011ж. «Жылуды үнемдеу жолдары табылды»). Бүгінде олардың Атырау қаласында қандай нысандарда қойылатыны анықталып отыр. 17 ақпан 2011, 00:00 3 526 просмотра
Ақбота КЕРІМБЕК: «Үмітімді ешқашан үзген емеспін» Мәдениет

Ақбота КЕРІМБЕК: «Үмітімді ешқашан үзген емеспін»

Ақпанның 11-сі күні Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында елімізге танымал эстрада әншісі Ақбота КЕРІМБЕК жеке шығармашылық концертін берген еді. «АЖ» тілшісі осы сәтті пайдаланып, ән әлемінде өзіндік орны бар өнер өкілін әңгімеге тартқан болатын. Олай болса, әуелі «Аппақ гүлдер», кейін «Қош, махаббат», қазір «Келем деші» дейтін хит әндерімен өз тыңдармандар аудиториясын қалыптастыра алған әншімен болған сыр-сұхбатқа үңіліңіз.  17 ақпан 2011, 00:00 6 443 просмотра
Домбыраның дүлдүлі Мәдениет

Домбыраның дүлдүлі

Осындай атаумен өткен аптада Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде күй қағаны Рыспай Ғабдиевтің 75 жас мерейтойына арналған концерт өтті. Кезінде өзі жетекшілік еткен Дина Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрі ҚР мәдениет қайраткері Талғат Қамалиденовтың дирижерлығымен «Тойбастар» шығармасын орындап, кештің шымылдығын ашты. 17 ақпан 2011, 00:00 11 234 просмотра
Шетелдіктер Қазақстан суретшілерімен танысты Мәдениет

Шетелдіктер Қазақстан суретшілерімен танысты

Ақпанның 12-сі күні Шаймардан Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы өнер музейінде республикамызға танымал суретшілердің көрмесі өткізілді. «Тәуелсіздік – тәңірдің берген сыйы» деп аталған көрмеге музей қорындағы 33 суретшінің 73 туындысы қойылыпты. 17 ақпан 2011, 00:00 7 015 просмотра