3 сәуірде өтетін президент сайлауында атыраулықтар тек қағаз бюллетендер арқылы ғана дауыс бере алады. Орталық сайлау комиссиясы енгізу үшін миллардтаған теңге жұмсалған «Сайлау» электронды дауыс беру жүйесінен бас тартуға шешім қабылдады.
Бұдан басқа, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Әнуар ТӘШЕНОВТІҢ айтуынша, бюллетеннен ЕҚЫҰ талабы бойынша «барлығына қарсы» деген жол алынып тасталған екен. Миллиардатаған қаржы жұмсалып, енді қажетсіз болып қалған электронды дауыс беру жүйесі туралы Орталық сайлау комиссиясының айтар уәжі жоқ. Электронды дауыс беру болашақтың еншісінде дегенге келтіреді, алайда, оның қай күні туарын ешкім де білмейді. Егер 2004 жылы электронды жүйемен 7,2% сайлаушы дауыс берсе, ал, 2005 жылы 5,8%,, 2007 жылы бар-жоғы 2,2% сайлаушы дауыс берген. Жалпы айтар болсақ, жоғары технология өзіне артқан сенімді ақтамады.
Анастасия ПАСТУХОВА