
Қазақстан Үкіметі 2026–2029 жылдарға арналған ұшқышсыз жүйелерді дамыту жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Ел ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) отандық индустриясын құруға басымдық беріп отыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
Жаңа құжаттың басты мақсаты — шетелде дайындалған техниканы сатып алумен шектелмей, толыққанды отандық өндірісті жолға қою.
«Стратегиялық басымдықтардың қатарында негізгі аппараттық компоненттерді, байланыс жүйелерін және қорғалған отандық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, өз өндірісімізді қалыптастыру көзделген. Сонымен қатар мемлекет қазақстандық әзірлеушілер мен өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығуына жағдай жасауды жоспарлап отыр», — деп түсіндірді Цифрлық даму министрлігінде.
Жаңа кешенді жоспарға не кіреді?
Отандық өндіріс: дрондарға арналған қазақстандық қосалқы бөлшектерді, байланыс жүйелерін және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.
Кадр даярлау: ұшқышсыз авиация саласында кемінде 1 000 білікті маман даярлау.
Инфрақұрылым: арнайы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық орталықтарды (R&D) іске қосу және бірыңғай цифрлық экожүйе құру.
Қолдану аясын кеңейту: ұшқышсыз ұшу аппараттарын ауыл шаруашылығында, энергетикада, өнеркәсіпте, логистикада, экология саласында және төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде пайдалануды кеңейту.
В Атырау +13.8