Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабының шешімімен, көп мөлшерде келіп жатқан өр суының бағытын бұру үшін "Махамбет - Сарытоғай" ауылын жалғап жатқан тас жолы жырылды.
Сол себепті, ауыларалық қатынасты үзбеу мақсатында қайық тасымалы қызметі іске қосылды.
Сарытоғай ауылынынан Махамбет ауылына жеке көлікпен қатынаушылар "Сейтек" шайханасы жанындағы айналма жолмен өте алады.