Атырау, 16 қаңтар 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Қаржы пирамидасы арқылы 3 млрд теңгені қалтасына басқан қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды

671 просмотра

Қазақстанның Бас прокуратурасы қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін іздеуде болған ер адамды Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті 2020 жылы қылмыстық топ құрып, Маңғыстау облысында «Plus Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастырған. Сөйтіп 600-ден астам салымшыны алдап, 3 миллиард теңгеден астам ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген.

Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі сотталып, әртүрлі жаза арқалады. Ал ұйымдастырушы қылмыс жасағаннан кейін елден қашып кеткен, соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. Араға үш жыл салып күдікті Грузия аумағында ұсталды.

«Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Бас прокуратура.

Ер адам мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

17 мамыр 2024, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.