Атырау, 17 ақпан 11:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Қызылорда облысында аса ірі көлемде есірткі саудаламақ болған күдікті ұсталды

817 рет қаралды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында аса ірі көлемде есірткі саудаламақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады.

Сараптама қорытындысы көрсеткендей тінту кезінде тәркіленген ұнтақ салмағы 261 гр. болатын α-PVP психотроптық заты екені анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасып жатыр.

17 мамыр 2024, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.