Атырау, 26 қараша 02:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме бекітілді

4 990 просмотра

Қазақстанда енді несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі реттелетін болады. 20-шы ақпанда ипотекалық несиелеу және қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелерін реттейтін заң күшіне енді.

Қаржы институттары берген несиелер бойынша несиелердің жылдық сыйақы мөлшерлемесі енді ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің несие алу келісім-шарты жасалған күндегі 8 еселенген көрсеткішінен аспауы керек. Бүгінде Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі жылдық 7 пайызды құрайды. Демек, бұл қазіргі кезде несиелер бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесінің жоғарғы деңгейі 56 пайыз құрайды деген сөз.

«ҚР Ұлттық банкінің» ММ Атырау филиалының директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВТЫҢайтуынша, бұл жаңалық алдымен тұтынушылар мен жедел несиелерге әсер етеді. Олар кепілдіксіз және, әдетте, несие берушінің кірісін растаусыз беріледі, сондықтан ең қымбат операциялардың бірі боп табылады. Бұрын қаржылық институттар несие құнының шегін өздері анықтайтын. Кейбір жағдайларда жедел несиелер мен тұтынушылық несиелер бойынша ақырғы мөлшерлеме жылдық 50-100 пайыз құрауы ғажап емес еді. Бүгінде шағын несие мекемелері беретін несиелер өте қымбат несиелер боп табылады. Онда несиені кепілдіксіз және аз құжаттар пакетімен алуға болады.

Несие туралы келісім-шарттарға да жаңа талаптар енгізілуде.

- Енді несие беру кезінде несиелік мекемелер несие алушының төлеуге тиесілі комиссияларының толық тізімі мен олардың мөлшерін тіркеп жазуға міндетті. Несие берушінің жасалған келісім-шарт аясында бір тарапты тәртіппен комиссияның жаңа түрлерін енгізуге құқы жоқ, - дейді Қ.Құлбарақов. – Бұл тұтынушылар үшін өте жақсы, өйткені көпшілігі несиені рәсімдеу кезінде несиенің «тұңғиыққа батыратынын» біле бермейді.

Жаңа заң сондай-ақ, несие алушы мен банк арасындағы келісім-шартта бір тарапты өзгерту туралы тармақ болмауы тиіс екендігін қарастырады. Оффшорлық аймақтарға тіркелген тұлғаларға банктік несиелерді ұсынуға тыйым салынады, оның тізімін өкілетті органдар анықтайды. Норма енгізіледі, соған сәйкес тұрақсыздықтың, айыппұлдың, жеке тұлғамен жасалған несие келісім-шартының, соның ішінде ипотекалық несие келісім-шарты бойынша өсімнің жалпы мөлшері несие сомасының он пайызынан аспайды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

23 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.