Атырау, 23 желтоқсан 09:19
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жедел рәсімдеу қайта қолға алынды

3 109 просмотра

21 ақпаннан бастап әділет органдары құжаттарды жедел дайындаудың үш санаты бойынша (жеті күн, он және он бес күн) рәсімдеуді қайта жандандыра бастады.

Өткен жылы жеке бас куәлігі мен төлқұжатты жедел дайындау бірқатар себептерге байланысты алынып тасталған еді. Бұған азаматтардың арыздарының артуы, ҚР Әділет министрлігі «Ақпаратты өндіріс орталығы» РМК-ның дайындаушы-фабрикасының өндірістік қуаттылығының, сондай-ақ, бланк өнімдерінің жетіспеушілігі де ықпал еткен болатын. Әділет басқармасы өкілдерінің айтуынша, бүгінгі күні жағдай қалыпқа келген. Пайдалануға жаңа қондырғылар беріліп, олар өндіріс қуаттылығын 1,5 есеге дейін арттыруға мүмкіндік берген. Ал, еліміздің банкнотты фабрикасы бланкілердің тиісті санын үздіксіз жеткізуді жүзеге асыратын болды. Сондықтан да бүкіл елімізде дүйсенбі күннен бастап құжаттар жедел дайындаудың үш санаты бойынша рәсімделетін болды. 1-санат- 7 күн (рәсімдеу күні есептелмейді, ақысы-1989 теңге), 2-санат- 10 күн (904 теңге), 3-ші санат 15 күн (563 теңге).

«Егер азаматқа құжаттары өз уақытында берілмеген жағдайда  оған жедел рәсімдеуге төленген ақшасы қайтарылуы тиіс»,-дейді Атырау облысы әділет департаментінің баспасөз хатшысы Бақыт БАЛАПАН. Бұл тармақ министрдің орынбасары А.Манабаевтың барлық облыстың әділет департаменттерінің бастықтарына және халыққа қызмет көрсету орталықтарына жолдаған хатында көрсетілген.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.