Атырау, 26 қараша 02:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Әкім 8 миллионды жымқырған

3 076 просмотра

Махамбет селолық округінің бұрынғы әкімі сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмысы үшін сотталып жатыр.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, әкім мемлекеттік кәсіпорын директорына жеке кәсіпкерден төменгі сапалы музыка аппаратын 10 миллион теңгеге қабылдап алу туралы заңсыз бұйрық берген. Шын мәнінде ол аппаратураның құны 2 миллион 305 мың теңгеге шыққан. «Қызметтік жалғандық жасау» және «қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану» баптары бойынша қылмыстық іс сотта қаралуда. Сотталушы түрмеде отыр. Ол бұдан бұрын да алаяқтығы үшін бес жыл жарым мерзімге бас бостандығынан айырылған еді. Ол кезде шенеунік әлдебір азаматқа Сарайшық селосынан, яғни, басқа селолық округтан жер учаскесін алып беруге уәде еткен. Ол өтемақы ретінде 1000 доллар сұраған. Ақшаны алғаннан кейін оны қала кафелерінің бірінде қаржы полициясы қызметкерлері қолға түсірді.

Лев ГУЗИКОВ

17 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.