Атырау, 13 қазан 06:57
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Магниттік дауылдың әсері

14 135 просмотра

«АЖ»-ға Қазақстан Республикасының ионосфера институтының қызметкері Ирина ЦЕПАКИНА хабарлағандай, спутник күн бетінен орташа және үлкен қуаттылықтағы жарқылдар тізбегін тіркеген. Бұл Х класына жатады – мұндай құбылыс соңғы рет 2006 жылдың желтоқсан айында байқалыпты. 

«Магнит дауылы ғылыми тілде геомагниттік толқын деп аталады, - деп түсіндіреді Ирина Лалиевна. – Бұл Жердің магнит өрісінің күн желінің әсеріне реакциясы, Күндегі отты жарқыл кезінде күшейетін зарядталған бөлшектер ағымы.

- Жерге дейінгі жолда қазір күн желінің шығарындыларының белсенділігі әлсіреуі ықтимал. Бейсенбіде немесе жұмада ол планетаға жетеді. Біздің бақылауымыз бойынша, геомагниттік белсенділік шағын немесе мөлшерлі магниттік дауыл деңгейіне жетуі мүмкін.

- Адам ағазасына шағын магниттік дауылдар анағұрлым теріс әсер етеді деседі. Дауыл жер бетіне жеткенде адамдар өздерін қалай сезінеді?

- Адам ағзасына магниттік дауылдың әсері – даулы мәселе. Әдетте, бұл илану мәселесі боп келеді. Алайда шынымен де табиғаттың осындай құбылысына өте сезімтал адамдар бар.

Википедияның мәліметі бойынша, магниттік дауыл болған кезде, бас ауруы, бас сақинасы, жүрек соғысының жиілеуі, ұйқысыздық, нашар сезіну, тонустың әлсіреуі және қан қысымының құбылуы жиі орын алады екен.

МАГНИТТІК ДАУЫЛ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Жас әрі дені сау ағза дауылды жақсы өткереді. Ересек және егде адамдарға ішімдіктер қолданбаған және физикалық күш түсірмеген жөн. Өйткені магниттік дауыл күндері қанда холестерин деңгейі көтеріліп кетеді. Майлы және тәтті тағамдарды жемеуге тырысыңыз. Жүректің созылмалы сырқатымен ауыратындар өздерімен бірге үйреншікті дәрі-дәрмектерін алып жүргені абзал.

Анастасия ПАСТУХОВА

17 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.