Атырау, 28 сәуір 21:25
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Экология

Бекіре өсіру зауытындағы шабақтар теңізге жіберілді Экология

Бекіре өсіру зауытындағы шабақтар теңізге жіберілді

28 маусымда 2 миллионнан астам бекіре тұқымдас шабақтар Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытының балық өсіретін тоғандарынан шығарылды. Соның ішінде көктемгі балық аулау маусымында ауланған 300 келілік қортпаның шабақтары да бар («АЖ» №17, 25.03.13 ж., «Үлкен Бекіре күні» жарияланымын қараңыз). 2 шілде 2013, 18:12 13 356 просмотра
Ережелер туралы ескерту Экология

Ережелер туралы ескерту

«Каспий қайраңын дамыту» тақырыбында өткен конференцияда Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің (ҚОҚМ) экологиялық заңнаманы ірі шетелдік инвесторлардың ұсыныстары арқылы реформалау ниеті туралы мәселе қозғалды. 24 маусым 2013, 12:06 5 076 просмотра
Газ, көзбояу және бейнежазба Экология

Газ, көзбояу және бейнежазба

«ЕмбіМұнайГаз» АҚ бөлімшелерінің бірі - «ЖайықМұнайГаз» МГӨБ-ге тиесілі Оңтүстік-Шығыс Новобогат (ОШН) және Шығыс Жаңаталап кеніштерінде экологиялық тұрғыдағы варварлық жұмыс әдістері туралы белгілі болды. Облыстық экология департаментінің қызметкерлері түсірген бейнежазбада ОШН-да ілеспе газды кәдеге жаратудың орнына оның бүкіл көлемін 2 метрлік тұрба арқылы жіберіп, ауаны улап жатқаны тіркелген. 10 маусым 2013, 23:47 4 644 просмотра
Апатқа дайындық Экология

Апатқа дайындық

17 сәуірде облыстық әкімдікте Қашаған мұнайы төгіле қалған жағдайда кім және не үшін жауап беретіндігін талқыға салды. Мұндай апаттың «әзірлігін» СолтүстікКаспий жобасының операторлары – НКОК пен Аджип ҚКО – 23-24 мамырда өздерінің бастамасымен ұйымдастырылған оқу-жаттығу кезінде жасап көрді. 25 сәуір 2013, 00:00 2 330 просмотра
Жұртшылық тыңдауы: сансыз сұрақ - сырғытпа жауап Экология

Жұртшылық тыңдауы: сансыз сұрақ - сырғытпа жауап

Атырауда 20 наурызда өткен Қашағанды Тәжірибелік-Өнеркәсіптік игеру (ТӨИ) жобасы бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі қоғамдық тыңдауға Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ президиумға қатысуы тосын сый болды. 23 наурыз 2013, 22:01 4 611 просмотра
Қашаған: мұнай төгіндісіне дайын емес Экология

Қашаған: мұнай төгіндісіне дайын емес

14-15 наурызда Алматыда «Отын-энергетикалық кешендегі өнеркәсіптік қауіпсіздік. Теңіздегі және құрлықтағы мұнай төгіндісі» деген атаумен халықаралық конференция өтті. Мұнда биылғы жылдың маусымына белгіленген Қашаған кенішінен мұнай өндіруді бастау мәселесі басты тақырып болды. 19 наурыз 2013, 17:56 4 642 просмотра
Теңіз орманға айналар еді Экология

Теңіз орманға айналар еді

Атырау облысының табиғат пайдаланушылары 2012 жылға жалпы сомасы 30,2 млрд теңге болатын 300-ден аса табиғат қорғау шараларын жоспарлаған болатын. Жұмсалғаны одан да көп - 35,6 млрд. Алайда, тиімділігі қандай? Жақында болған облыстық қоршаған ортаны қорғау комиссиясының отырысында осы мәселелер сөз болды. 14 ақпан 2013, 00:00 6 636 просмотра
Қайта жасау керек Экология

Қайта жасау керек

Қашаған жобасы жөніндегі «экологиялық» жанжал жаңа бағытқа бет бұрды.  Атырау облыстық экология департаменті Солтүстік-Каспий (Қашаған) жобасының шеңберінде теңіздегі және құрлықтағы («Болашақ» зауыты) құрылыс жөніндегі техникалық жобаның түзетілуі міндетті түрде қоршаған ортаға әсер етуді бағалау (ҚОӘБ) жобасына түзету енгізуді қажет ететінін растайды. 20 желтоқсан 2012, 00:00 4 156 просмотра
Ауа да саудаға салынды Экология

Ауа да саудаға салынды

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда парник газдарының шығарындылары үшін квоталар саудасының механизмдері іске қосылады. Осыған байланысты Атырауда Батыс Қазақстанның ірі кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ даму бағдарламасы ұйымдастырған семинар болып өтті.  Бизнеске тиімді болу үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындыларды қалай азайта алатындығы туралы талқыға салды. 20 желтоқсан 2012, 00:00 7 702 просмотра
«Аралдарыңызды тексеру керек еді» Экология

«Аралдарыңызды тексеру керек еді»

Қашағанда мұнай өндіруге санаулы айлар қалғанда, осы алпауыт жобаға байланысты қауіп-қатерлер туралы Ресей мен Әзірбайжанның белгілі саясат және қоғам қайраткерлері сөз қозғаған болатын. 4 желтоқсанда Мәскеуде Каспий теңізін сақтауға жәрдемдесу қоры (Save Caspian Sea Foundation) ұйымдастырған халықаралық байқау қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында қатысушылар «Каспий – достықтың немесе келіспеушіліктің теңізі ме?» деген басты сұраққа жауап таба алмады. 10 желтоқсан 2012, 17:58 2 965 просмотра
Күкірт бұлты төнгенде Экология

Күкірт бұлты төнгенде

Қашаған жобасының төңірегіндегі кезекті «экологиялық» жанжал жұртшылықтың игілігіне айналған. Атырау экология департаменті мәлімдегендей, Қашағандағы А және D теңіз блоктарын, сонымен бірге Қарабатандағы «Болашақ» мұнай және газ өңдеу қондырғысын (МГКДҚ) пайдалану кезінде шығарылатын зиянды шығарындылар көлемі қоршаған ортаға әсерді бағалауда (ҚОӘБ) мәлімделгеннен бірнеше есе көбейген. Мәселен, МГКДҚ пайдалану кезіндегі ластаушы заттардың жалпы мөлшері тек 2013 жылы бұдан бұрын уәде етілген 2 000 тоннаның орнына жылына 78 000 тоннаны құрайтын болды.  5 желтоқсан 2012, 16:32 8 262 просмотра
АМӨЗ шығысқа сілтейді Экология

АМӨЗ шығысқа сілтейді

Осы жылдың 31 қазанға қараған түні және одан кейінгі күндері де қаланың мұнай өнімдерінің қатты сасық иісіне тұншыққаны баршамыздың есімізде. Қалалықтардың көпшілігі өздерін нашар сезінді. Өкілетті органдар болса, әлі күнге дейін сол ауаны бүлдірген иістің қайдан шыққанын анықтай алар емес... 6 желтоқсан 2012, 00:00 3 382 просмотра
Жайық әзірге Каспийге құйылып жатыр Экология

Жайық әзірге Каспийге құйылып жатыр

Мәселенің түйіні тарқатылды ҚР премьер-министрінің атына парламент мәжілісінің жаңа сайланған депутаты Талғат ЕРҒАЛИЕВТІҢ (бүгінгі күні іздеуде жүрген Аманжан РЫСҚАЛИДЫҢ орнына «Ақ Жол» депутаттық фракциясының тізіміне енгізілген) Жайық өзенін құтқару тақырыбына қатысты депутаттық сауалы біздің аймақтан сайланған мәжілісмендердің тарапынан қолдау емес, түсінбестік тудырды. 27 қараша 2012, 16:24 3 331 просмотра
Сыр бермейтін NCOC Экология

Сыр бермейтін NCOC

Мұнай компанияларының экологиялық талаптарды елемеуіне қатысты соңғы жанжалдарға («АЖ» №42, 18 қазан 2012 ж., «Тамұқтан келген улы су» мақаласын қараңыз ) қарап, кейде шетелдік және ұлттық менеджерлердің маңызды нәрселерге бейқамдықпен қарайтындығына таң қалумен келемін. Дегенмен іс жүзінде олар жобаның барлық әлсіз тұстарын жақсы біледі, бірақ сыр бермейді-ау деген күдігім бар. 21 қараша 2012, 17:53 4 921 просмотра
Көңілді күпті еткен мәселе Экология

Көңілді күпті еткен мәселе

Жан басына шаққанда зиянды зат жылына екі центнерден келеді Өткен жұма күні «ҚазТрансойл» ғимаратының кеңсесінде экология тақырыбына арналған ірі мәжіліс өтті. Республикалық экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Данияр ЕРЕНЧИНОВТІҢ қатысуымен өткен бұл мәжілісте облыстық экология департаментінің бастығы Ербол ҚУАНОВ  шақырылған табиғат пайдаланушыларға біздің аймақтың бүгінгі және ертеңгі күнінің жабырқау көрінісін суреттеп берді. 23 қазан 2012, 11:10 5 427 просмотра
Министрлік Теңіз бен Қашағанға көз салуға уәде берді Экология

Министрлік Теңіз бен Қашағанға көз салуға уәде берді

Кеше, 18 қарашада Құлсары қаласында «ТШО» ЖШС-нің 2013-2015 жылдардың Табиғат қорғау шараларының жоспары бойынша өткізілген жұртшылық тыңдауына ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Данияр ЕРЕНЧИНОВ (суретте) қатысты. 19 қазан 2012, 18:45 2 777 просмотра