Атырау, 30 қараша 12:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Апатқа дайындық

2 427 просмотра

17 сәуірде облыстық әкімдікте Қашаған мұнайы төгіле қалған жағдайда кім және не үшін жауап беретіндігін талқыға салды. Мұндай апаттың «әзірлігін» СолтүстікКаспий жобасының операторлары – НКОК пен Аджип ҚКО – 23-24 мамырда өздерінің бастамасымен ұйымдастырылған оқу-жаттығу кезінде жасап көрді.

Операторлар өкілдері кеңесте әңгімелегендей, оқу-жаттығу екі кезеңде өтті. Бірінші күні, 23 мамырда 1-ші және 2-ші деңгейдегі мұнай төгіндісі орын алған жағдайдағы әрекеттерге жаттығу жүргізілді. Мұндай апаттарды жою салдары аймақтық деңгейде жоспарланып отыр. 24 мамырда Саутгемптон қаласында (Ұлыбритания) базасы бар халықаралық құтқарушылар жұмылдырылатын ең күрделі, 3-ші деңгейлі төгіндіні жою әрекеттері жүргізілді.

3-деңгейлі төгінді орын алған жағдайда, мұнай төгінділерін жинауға арналған танкерлер мен баржаларды, өрт сөндіретін техниканы және т.б. қосқанда арнайы жабдық қолданылуы тиіс. Осыған байланысты компаниялар шұғыл шешімді талап ететін мәселелер тізімін жасаған. Мәселен, оқиға орнына мамандардың кедергісіз келуі, әкелінетін жабдықтар үшін кедендік тазартудың жеделдетілген режимі мен визалық құжаттарды беру. Айтпақшы, тармақтардың бірінде БАҚ-тарға дер кезінде хабарлау қарастырылған.

Облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының басшысы Нұртас МҰХТАРОВ (суретте) профильді мемлекеттік органдардың шақырылған өкілдерінен таяу күндерде өз учаскелері үшін жауапты тұлғалардың тізімін ұсынуды талап етті. Тізімдер оператор жасақтаған оқу-жаттығу жоспары бойынша да, мұнай төгінділерінің алдын алу және әрекет ету ұлттық жоспары бойынша да жасақталады.

Ал Ұлттық жоспар жоғарғы деңгейде әлденеше рет мақұлданса да, Каспийдегі мұнай төгіндісіне шұғыл әрі тиімді әрекет ету жүйесін құруға қабілетті емес, тек декларациялық сипаттағы құжат қана. Биылғы жылдың 28 наурызында ТЖМ «Ұлттық жоспардың» жаңа редакциясын жасақтау туралы баспасөз релизін таратты. Сонымен қатар Солтүстік Каспий экологиялық мұнай төгіндісіне әрекет ету базасын ТЖМ-нің «Ақ Берен» әскерилендірілген фонтанға қарсы жасағының құзырына беру туралы мәселе қаралып жатқандығы хабарланды. Оның базасынан арнайы теңіздегі апаттан құтқару қызметін құрмақ.

Алайда, бізге жұмылдыру дайындығы басқармасында хабарлағандай, олардың қолдарында әзірге Ұлттық жоспардың ескі редакциясы бар. Ал мұнай төгіндісіне әрекет етудің аймақтық жоспары құқықтық сараптамадан енді ғана өтуде және оған облыс әкімі шамамен 5 мамырға қарай қол қоймақ. Мәжіліс сыртында осы жоспардың мазмұнды жағы туралы менің сұрағыма бұған аса елігіп кетпеуге кеңес берді:

- Оны кемшіліктері көп  республикалық жоспарға қарап жасаған. Ол жерде (Астанада) де бұдан хабары аз кеңсе қызметкерлері отырады.

16 сәуірде өткен «OilTech Atyrau» мұнай-газ конференциясында НКОК-тың сыртқы байланыс жөніндегі директоры Пьер ДЕЛЬПОН Қашаған жобасының дайындығы бүгінде 98 пайыз екендігін хабарлап, «консорциум Қашаған кенішін 2013 жылы іске қосуды жоспарлап отыр» деп, абайлап қана атап өтті. Әкімдік кеңесінен тыс кезде бастапқыда оқу-жаттығу сәуірге жоспарланғанын, бірақ ТЖМ өтініші бойынша алдымен мамыр айына, содан соң маусымға ауыстырылғанын айтып жатты. Жоғары жақтағылар ұзақ уақыт мәмілескеннен кейін мамырға тоқталған. Мұның бәрі Қашағаннан алғашқы мұнай өндіруге асығыстық жасалып отырғандай және әзірлік нашар болғандай әсер қалдырады. Шамасы, астанадағылар мұны жақсы түсініп, бірақ нашар ойынға жақсы жарылғыш қоюға мәжбүр секілді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

25 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.