Атырау, 1 желтоқсан 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Тұрған орны теріс, басталар күні белгісіз

3 680 просмотра

19-20 маусымда Атырауда «The Energy Exchange» халықаралық ұйымы мен «Қазэнерджи» қауымдастығы ұйымдастырған «Каспий қайраңын дамыту» тақырыбында жыл сайынғы ІІІ конференция өтті.

 

ҚЫРЫҚ ЖЫЛ МЕН ЕКІ ЖЫЛ

Қазақстандағы 4,9 млрд тонна мұнай қоры туралы мінберден айтылған үлкен саннан болған даурықпа көңіл «Қазақ мұнай және газ институты» (ҚМГИ) АҚ бас директорының кеңесшісі Жақсыбек ҚҰЛЕКЕЕВТЫҢ (суретте) баяндамасынын кейін су сепкендей басылды. Оның айтуынша, әлемде теңізде мұнай өндіру қауіпсіздігі мен мұнай төгінділеріне қарсы әрекет ету мәселелерімен 40 жылдан бері айналасып келе жатыр. Ал Қазақстанда бұл мәселе соңғы 2 жылда ғана, Қазақстан Республикасының теңіздері мен ішкі су айдындарындағы мұнай төгінділерінің алдын алу және оларға ден қою бойынша ұлттық жоспар бекітілгеннен кейін қолға алынды. Сол кезде ғана Каспий бассейнінің ерекшеліктеріне көңіл бөлінді. Қашаған кенорны 2000 жылы ашылса да, қалған жылдары оны әзірлеу ғана белсенді жүргізілді.

- Ал бізде зерттеулер жаңа басталып жатыр.

Осы зерттеулердің нәтижелеріне келетін болсақ, мұнай төгінділеріне қарсы әрекет ету бойынша қолданыстығы үш әдістің екеуіне: химиялық диспергенттер қолдану мен мұнай төгінділерін жағу тәсілдеріне тоқталды. Тағы бір әдіс – мұнайды скимерлер және танкерлермен жинауды Каспийдің қазақстандық секторы үшін шығыны көп, тиімсіз тәсіл деп атап өтті. Өйткені жиналған мұнайды бір жерге апарып төгу керек, кәдеге асырып немесе жою керек.

- Алайда үлкен апат болған жағдайларда барлық әдістер де қолданылатын болады, - дейді Құлекеев.Ол Каспий теңізі жағдайында су ортасы мен экологияға қауіпсіз әдіс мұнайды жағу болып табылатынын атап өтті. Алайда бұл үшін құзіретті органдардың рұқсаты мен өртке шыдамды бонды қоршаулар керек.

Алайда, Құлекеевтің айтуынша, кез келген әдісті қолдану қатты жел болғанда немесе толқынның биіктігі 1 метрден асқан жағдайда мүмкін емес. Сондай-ақ, егер апат қыста, теңіз мұз құрсанып жатқан кезде орын алса, тіптен қиын болады.

 

АМЕРИКАНДЫҚТАР ДА...   

Жақсыбек ҚҰЛЕКЕЕВ.Жақсыбек ҚҰЛЕКЕЕВ.Тиімділігі жөніне келетін болсақ, шешендік өнердің шебері ашық теңізге 800 мың тонна мұнай төгілген Мексика шығанағындағы апатты мысалға келтірді. Төгілген мұнайдың 5%-ы жағумен жойылған, 3%-ы скимерлармен жиналса, 8%-ы диспергенттерді қолданумен жүзеге асырылған. Яғни, төгілген мұнайдың барлығы 16%-ы жойылған. 25%-ы атмосфераға ұшып кетсе, табиғи жолмен 16%-ы ыдырап кеткен, су түбіне 26%-ы шөксе, жағалауға мұнайдың 1%-ы жеткен (қалған 16%-ы қайда кеткенін баяндамашы түсіндірген жоқ).

- Бұл жерде барлық жұмыстар заманауи американдық технологиямен жасалғанына қарамастан, осылай болғанын еске алған жөн. Егер бізде осындай апат болса, зардабы ауыр болары сөзсіз, - деп атап өтті Құлекеев.

Оның Солтүстік Каспий ден қою базасының (СКДҚБ) түк пайдасы жоқ деген пікірі айды аспанға шығарғандай болды:

- Біз СКДҚБ салу үшін ыңғайсыз жер таңдадық – бұл менің жеке пікірім. Мен бұл туралы ашық айта аламын. Каспийдің солтүстігі жарты жыл мұз құрсауында болады, ал егер ашық теңізде апат болатын болса, ол жерге ешкім бара алмайды.

Құлекеев, сондай-ақ, апаттар тек Қашағанда ғана емес, басқа жерлерде де орын алуы мүмкін деп атап өтті. Мәселен, мұнай танкерлермен тасымалдауда төгілуі мүмкін. Ал СКДҚБ тек Қашағандағы апат үшін есептелген.

- Мұндай төгілулердің қауіптілігі мұнай тасымалының өсуімен көбейіп отырады. Екінші база салуға келсек, бұл өкілетті органдардың құзіреттілігіндегі нәрсе. Алайда, мұны Құрық маңына орналастыруға болады деп ойлаймын. Сол жерден Каспийдің кез келген нүктесіне баруға болады және тез әрекет ете аламыз. Баутинодағы теңіз операцияларына қолдау көрсету базасына келсек, бұл көп уақыт алады.

Екіншіден, біз мұнайды жағу, бондық қоршаулар қолдану тәртібі туралы нормативті құжаттарды қабылдауды әлі созып келеміз. Күрделі апат бола қалса, түрлі операторлардан ондаған шақырым қоршау керек болады. Ал оларды қосу мүмкін болмаса, тиімділігі де төмен болады. Бондарды қолдану талаптарын бірегейлендіру керек.

 

КІМДІ ТЫҢДАЙМЫЗ?

Әсет МАҒАУОВ.Әсет МАҒАУОВ.«Қазэнерджи» қауымдастығының бас директоры Әсет МАҒАУОВТЫҢ (суретте) айтуынша, Қазақстан алға қарай қазіргі 80 млн тонна мұнай мен конденсатты өндіру көлемін 2020 жылға қарай 130 млн тоннаға арттыру жоспарлап отыр:

- Өндіру көлемін арттырудың үлкен бөлігі Каспий шельфінің қазақстандық секторын игеру, оның инфрақұрылымын дамыту және жаңа кәсіпорындарды құру нәтижесінде қамтамасыз етілетін болады.

Қашаған жобасы турасына келсек, жақында итальяндық La Stampa газетінде қазақстандық үкімет Қашағанды әзірлеу жұмыстарымен айналысатын компанияларға коммерциялық өндіруді 2013 жылғы 6 шілдеде - Астана қаласының туған күніне орай бастауды талап етіп отыр деген мақала шықты. Ал операторлар өндіруді тағы да бірқатар соңғы тексерулерді жүргізу үшін осы жылдың қыркүйегінде бастаған дұрыс деп есептейді. Бұл ақпаратты жанама растау ретінде Мағауов пен Халықаралық энергетикалық агенттіктің (IEA)  атқарушы директорының орынбасары Ричард Ричард ДЖОНС.Ричард ДЖОНС.ДЖОНС (суретте) сөздерінің сәйкес келмеуін мысалға келтіруге болады. Джонс Қашағанда мұнай өндіру бірнеше айларға шегеріліп, 2014 жылы басталады деп хабарлады.

- «Қазэнерджи» қауымдастығы жобаның ұсақ-түйектерінен хабарсыз, алайда менің ақпаратым бойынша, Қашаған кенорнын өнеркәсіптік қолдану жақын арада басталады, - деді Мағауов өз кезегінде.

Лаура СУЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

24 маусым 2013, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.