Атырау, 30 қараша 08:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Жабдықтарды әкелу ғана қалды

2 371 просмотра

Скиммер - қысқы уақытта төгілген мұнайды жинайтын жабдық. Скиммер - қысқы уақытта төгілген мұнайды жинайтын жабдық. Солтүстік-Каспий мұнай төгіндісіне экологиялық әрекет ету базасының (СКЭАБ) құрылысы аяқталды. Оны кімнің пайдаланатыны әзірге нақты белгілі емес.

База туралы мәселе 14-15 наурызда Алматыда өткен «Отын-энергетикалық кешендегі өнеркәсіптік қауіпсіздік. Теңіздегі және құрлықтағы мұнай төгіндісі» деп аталатын халықаралық конференцияда көтерілген болатын. Қатысушыларды нысанды кім пайдаланады және ықтимал мұнай төгіндісіне аймақтық әрекет ету базасы салыну мүмкіндігі қарастырылып жатыр ма деген сұрақтар қызықтырды. ТЖ өкілдері аймақтық база салу туралы мәселенің қаралмайтынын, ал Солтүстік-Каспий базасы ТЖМ күштерімен пайдаланылуы мүмкін екендігін  мәлімдеді.

Сол кезде өзін таныстырмаған «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілі микрофонды алып, база құрылысының аяқталғанын хабарлады (естеріңізге салсақ, оны 49%-ы ҚМГ-ге тиесілі «ТеңізСервис» ЖШС салған болатын).

Өткен жылы желтоқсанның аяғында мемлекеттік қабылдау актісіне қол қойылды. База Қашағанда мұнай өндіріле бастағанда бір уақытта іске қосылатын болады. Нысанды кім пайдаланатындығына келер болсақ, аймақтық ТЖМ бөлімшесінің және қазіргі уақытта Атырау өзен портында жабдықтарды сақтап отырған және әрі қарай оны әрекет ету базасына апаратын NCPОС компаниясының ортақ күшімен пайдалану нұсқасы жобаланып отыр, - деген еді сол кезде ол.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

28 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.