Атырау, 29 қараша 13:52
 ашықВ Атырау +2
$ 459.04
€ 502.92
₽ 5.18

Қала баққа айнала ма?

2 043 просмотра

Таяуда болған активте облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ Атырауды көгалдандыру жөніндегі өзінен бұрынғы әкім бастаған бағдарламаның жалғасын табатынын мәлімдеді.

Бұған академик Мұфтах ДИАРОВТЫҢ сөзі түрткі болды:

– Суармалы су құбыры мен дренажға қатысты мәселені шешу керек. Көгалдандыру негізін қазірден бастап қалау керек, сонда бірнеше жылдан кейін қала гүлденеді. Бұрынғы әкім бұл іске экологияға зияндарын тигізіп отырғанын мойындамаған шетелдік компанияларды жұмылдырмақ болып еді. Бірақ олардың зауыттары жасыл-желектерге көмілген.

Б. Ізмұхамбетов көгалдандыру бағдарламасының жергілікті мамандармен және бағдарлама авторлары - кореялық көгалдан-дырушылармен бірлесе жалғасты-рылатынын мәлімдеді. Ал ресейлік Самара қаласында қазір облыстық әкімдіктің тапсырысы бойынша биогумусты қолдану жөніндегі зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

5 желтоқсан 2012, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.