Атырау, 2 желтоқсан 01:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Калгариден сәлем

2 415 просмотра

27 қарашада ТШО ғимаратында Теңізшевройлдың 2012 жылға арналған Табиғат қорғау шаралары жоспарын орындау қорытындылары бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

37-ҰҢҒЫНЫҢ ХАЛІ НЕШІК?

Осы секілді шаралардағы қалыптасқан дәстүр бойынша Жылыой ауданынан келген тыңдаушылардың бір бөлігі тақырыпқа қатысты сұрақтардың орнына әлеуметтік проблемаларды көп қозғады. Аудан ақсақалдары техникалық және ауыз судың тапшылығы, газдың қымбаттығы және тағы басқа мәселелер туралы бірнеше рет айтқан еді. Тыңдалымнан кейін «Мегаполис» ҮЕҰ төрайымы Наталья ИВАСКЕВИЧ шараның ресмилігін атап өтті:

Теңізшевройл кейін өз есептерінде тыңдалым өтті деп жазуы үшін ғана адамдарды шақырып отыр. Тағы бір жайт: қоғамдық тыңдауды өткізу жүйесі бар, өтуге қиын болатын, күзетшілер тоқтататын жерде өткізуге болмайды.

Әдеттегідей экологиялық ҮЕҰ-дардың өкілдері тыңдалымға әсер берді. Оларды атышулы №37 ұңғының кімнің балансында екендігі қызықтырды.

Біз осы ұңғының жағдайын жақсы білуге тиіспіз. Ол «оянып» кетпесін деп тілейік. Егер әлдеқандай жағдай болса, апат Жылыой ауданымен және тіпті Атырау облысымен шектелмейді.  

Бұдан бұрын «Каспий Табиғаты» ҮЕҰ төрағасы Махамбет ХАКИМОВ мәлімдегендей, ұңғыны мұқият тексеріп, сапалы етіп, цементтеу керек.

Естеріңізге салсақ, №37 ұңғыдағы апат нәтижесінде 1985 жылдың маусымынан 1986 жылдың шілдесі арасында 3,4 млн тонна мұнай, 1,7 млрд текше метр газ, соның ішінде 516 мың текше метр күкіртсутек өртенген болатын. Ал мамандар цемент көпірдің астында ұңғыда қалған бұрғылау ерітіндісі мен табиғи флюидтердің – мұнайдың, қабаттық судың, газдың қарқынды түрде қайта бөлінетіндігін дәлелдеді. Бұл онсыз да биік қабаттық қысымның артуына әкеп соғады. Сондықтан тұрбалар мен оның айналасындағы цемент «тастың» құрылымы өзгереді – олар жарылып, жеміріледі. Осы процесске металлды шірітетін тұрбалардың күкіртсутек коррозиясы көп әсерін тигізеді екен.

Бұл сұраққа ТШО өкілдері 1993 жылы біріккен кәсіпорын құрылған уақыттан бастап Теңізшевройл осы ұңғы үшін өзіне жауапкершілік алғанын және оның үнемі бақылауда екенін айтты.

ҮЛКЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚ

«Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының директоры Галина ЧЕРНОВА кәсіпорынның бүгінде тапшы боп отырған Қиғаш суын («ҚазТрансОйл» тұрба құбырынан) мерейтойлық 20 жылдығында ғана тұтынуды тоқтатқандығы үшін ТШО-ны айыптады. Жауап ретінде ТШО келер жылы тұщытылған теңіз суын техникалық қажеттілік үшін пайдалану мүмкіндігі жөніндегі зерттеуді бастайтындықтарын айтты.

Тағы бір мәселе – күкіртті сақтау шарты. ТШО өкілдері 2012-2015 жылдарға жоспарланған Сынама күкірт карталарының мониторингісі бағдарламасы бойынша 5 тәжірибелік күкірт блогын (3х3х1,5 м) салу және 4 түрлі тәжірибелік жабу түрлерін пайдалану жоспарланған.

Теміржол тұйығында тұрған кезде теңіз мұнайы құйылған цистернадан өткір ащы иіс шығатынын атап өткен жылыойлыққа ТШО менеджерінің берген жауабы қызықты естілді. Канадалық менеджер ол үшін мұнай иісі үйреншікті екенін мәлімдеді:

МенКалгариде өстім. Ол жерде желмен мұнай иісі жиі келетін. Оның жанама әсері аз. Әлі күнге дейін менің денсаулығыма қатысты проблема болған емес.

Алайда Жылыой мен Калгари екі түрлі аймақ. Калгари үлкен алаң бақтарымен және саяжолдармен көмкерілген. Ал қаланың өзі теңіз деңгейінен биіктікте (1 000 м шамасында) орналасқан.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

30 қараша 2012, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.