Атырау, 29 қараша 10:32
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жеріміз жылынып барады

4 719 просмотра

Алматыда өткен журналистерге арналған «Табиғи апаттар қаупін төмендетуде БАҚ-тың рөлі»  деп аталатын тренингте жаһандық жылыну туралы көп айтылды.

ҚАЙНАП ТҰРҒАН ЫДЫСТЫҢ ҚАҚПАҒЫ

Бүгінде шынымен де жылынып жатқандығын дәлелдейтін Қазақстан климатының өзгеру серпінін http://www.kazhydromet.kz/ru/monitor_kzсілтемесі бойынша «Қазгидромет» сайтындағы жыл сайынғы экологиялық бюллетеннен, сондай-ақ, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің сайтынан http://ecokomitet.kz/ecokomitet/index.php?option=com_content&view=article&id=103&Itemid=195&lang=ruсілтемесі арқылы бақылауға болады. Каспий теңізінің мониторингісі туралы ақпаратты http://www.kazhydromet.kz/ru/monitor_kaspi сілтемесі арқылы табуға болады.

«Қазгидромет» өкілі Светлана ДОЛГИХТЫҢайтуынша, атмосфераға ластаушы заттар шығаратын шаруашылық қызметі климаттың өзгеруіне басты себеп боп табылады екен. Ал көшетхана газдары концентрациясының көбеюі жер беті температурасының артуына әкелген:

- Бүгінде Жерді бейнелі түрде  көрпе жамылған немесе қақпағы нығыз жабылып, су қайнап жатқан ыдыс түрінде елестетуге болады. 

ОН ЖЫЛ БҰРЫН ТЕҢІЗДІ СУ БАСТЫ

Біздің өңіріміз үшін климаттың өзгеруі қай жағынан қолайсыз? «Қазгидромет» өкілі Светлана ШИВАРЕВА Каспий теңізінің фондық деңгейінің өскендігі туралы мәлімдеді. Мұны соңғы жылдары Жайық-Каспий экология департаментінің зерттеу модульдері анықтап отыр.

- Егер 1970 жылдары теңіз деңгейі түсіп кетсе, енді көтеріліп жатыр. Соңғы жылдары күшті желқумаларды(желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі) бақылап отырмыз, олар қазақстандық жағалаулар үшін өте қауіпті. Желқума кезінде су деңгейі қысқа мерзім ішінде (бірнеше сағатта) 1,5-2,5 метрге дейін көтеріле алады.

Мысал ретінде Шиварева 2003 жылы Теңіз кенішінің маңындағы су бөгетін суға кетірген дауылды құбылысты атап өтті.

Суға кеткен ескі мұнай ұңғымалары да экологтардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Олардың нақты саны әлі күнге дейін белгісіз. Осы ұңғымаларды әлсін-әлі басатын теңіз суы мұнаймен ластанған күйде жағалауға жетеді екен.

Бұдан басқа, «Қазгидромет» өкілінің айтуынша, спутниктік бақылаулар Каспийдегі мұз дәуірінің ұзақтығы мен алаңының біртіндеп азайып бара жатқанын дәлелдеуде. Кейбір сарапшылардың пікірінше, итбалықтардың қырылуы себебі осыдан болуы мүмкін. Итабалықтардың жұқпалы сырқаттарға шалдығу фактілерінің жиілеп кетуі олардың бұрынғыға қарағанда анағұрлым жылы жағдайда күшіктеуіне байланысты деседі.

Алайда 2013 жылдың наурызында Қашаған кенішінде мұнай өндіру басталатын кез барша жанның қорқынышын туғызып отыр. Естеріңізге салсақ, бастапқы кезеңде Солтүстік-Каспий жобасының операторы НКОК 270 млн баррель мұнай өндіруді жоспарлады. Бұл цифрды толық игеру кезінде 450 млн баррельге дейін жеткізбек. Бұл жерде барлығы 40 мұнай ұңғымалары бұрғыланды. Қысымның жоғарылығы (800 барға дейін)(ЧЕГО?) және күкіртсутектің көп болуы кеніштің ерекше белгілері боп табылады. Сондықтан желқума құбылысымен қатарласа мұнай төгілген жағдайда, ешқандай да Солтүстік-Каспий мұнай төгінділеріне қарсы әрекет ету базасы бізді құтқара алмайды.

ӨЗГЕРІСТЕРГЕ АҚША ҚАЖЕТ

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым сарапшыларының бағалауынша, соңғы онжылдықта апат салдарынан туындаған 70 пайыздан астам материалдық және 90 пайызға дейін адамдар шығыны метеорологиялық немесе гидрологиялық себептерге байланысты орын алған. Стихиялық апатты ескерту тұрғысында экологиялық және метеорологиялық мониторинг өте көп нәрсе бере алады. Ал, Шивареваның айтуынша, кеңестік дәуір құлағаннан кейін Каспий жағалауындағы бақылау стансаларының басым бөлігі қараусыз қалған. Бүгінде тек 8 станса ғана жұмыс істейді. Бұл теңіз жағалауының тұрақсыз аумағын бақылау үшін өте аз. Салыстыру үшін,  дамыған елдерде 100 мың шақырым алаңға 50-163 метеорологиялық мониторинг стансасынан және 234-980 гидрогеологиялық бекеттен келеді екен. Бізде осындай алаңға тиісінше 9-10 стансадан келеді.

Шивареваның айтуынша, қазақстандық секторда жырымдалған құрлық аралдары бар Каспий жағалауының ерекшелігі Каспийде қашықтықтан бақылау жасауға мүмкіндік беретін қымбат тұратын автоматты станса орнатуды қажет етеді.

Соңғы кездері ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (ҚОҚМ) де экологиялық мониторинг жүйесін кеңейтудің өте қажет екендігін мойындады. ҚОҚМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Данияр ЕРЕНЧИНОВТІҢ жақын арада Атырауға келген сапарында осы туралы әңгіме қозғалған болатын. Атап айтқанда, ол жыл басында Каспийдегі мемлекеттік экологиялық және өндірістік мониторинг туралы экологиялық заңнамаға өзгерістер енгізілгендігін хабарлаған еді. Енді қаржының қашан және қандай көлемде бөлінетіндігі басты мәселе боп тұр. Уақыт болса таяп қалды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

13 қараша 2012, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.