Атырау, 12 қазан 15:49
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жұртшылық тыңдауы: сансыз сұрақ - сырғытпа жауап

4 692 просмотра

Атырауда 20 наурызда өткен Қашағанды Тәжірибелік-Өнеркәсіптік игеру (ТӨИ) жобасы бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі қоғамдық тыңдауға Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ президиумға қатысуы тосын сый болды.

«МЕН СІЗДЕРГЕ МҰНАЙШЫ РЕТІНДЕ АЙТАМЫН»

Бұрынғы мұнайшы Ізмұхамбетов тыңдау шарасы орталана бергенде залда отырған адамдар секілді Аджип ҚКО (бұл компания ТӨИ-ді жүзеге асыруға жауап береді) менеджерлерінің ұзын-сонар және сырғытпа жауаптарынан шаршаған болуы керек, техникалық сұрақтарға қысқа да нұсқа етіп, өзі жауап беруге кірісті.

Оның бұл әрекетінен Аджиппен мүдделестік көріп отырған «Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының жетекшісі Галина ЧЕРНОВАНЫҢ сөзі сүйегінен өтіп кетті:

- Атыраулықтар Ақтөбе мен Оралға көше бастады, ал сіз болсаңыз оларға мүдделестік танытып отырсыз. Жоба іске қосылғаннан кейін бұл жерде өмір сүру мүмкін болмай қалады, Атырау вахталық қалаға айналады деген адамдардың пікірлерінен хабарыңыз бар ма?

- Мен бұл жерде әкім ретінде емес, 30 жылдық өтілі бар мұнайшы ретінде араласып отырмын, - деп, қызулана жауап берді Ізмұхамбетов. – Мен ешқашан ешкімнің мүддесін қолдаған емеспін және өз көзқарасымды да өзгерткен жоқпын. Осы 7 ай ішінде мен әлденеше рет жобаға аяқ басып, мәселені олардың алдына қатаң қойдым. Осы жерде отырған қазақстандық тараптың менеджерлері мұны растай алады. Егер мен олармен мүдделес болсам, көптеген мәселелер басқаша шешілген болар еді. Сондықтан маған тіл тигізбеуді өтінемін.

 

АУДАРМАНЫҢ ҚИЫНДЫҒЫ

«Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының жетекшісі Галина ЧЕРНОВА«Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының жетекшісі Г.ЧерноваАл былайынша тыңдау әдеттегідей өтті. Тараптардың (компания мен жұртшылық өкілдері) әрқайсысы өз пікірлерін алға тартты. Ал бұл жағдайда аударманың сапалы болмауы да әсерін тигізді. Осы секілді, соның ішінде ТШО жобалары бойынша да тыңдалымдарға қатысып жүрген кезде шетелдік менеджерлердің баяндау стильдерінің іске қатыссыз көп сөйлейтін біздің шенеуніктердің сөйлеу нақыштарына қатты ұқсайтындығын әлденеше рет байқаған едім.

Мәселен, бірқатар сұрақтармен қатар қойылған академик Мұфтах ДИАРОВТЫҢ тік және көлбеу ұңғылардың саны туралы қойған сұрағына Аджип ҚКО-ның басқарушы директоры Умберто КАРРАРА цифрларсыз өте ұзақ жауап берді. Аджип өкілдері басқа да көптеген, атап айтқанда, залдағыларды алаңдатқан қысқы уақыттағы мұнай төгіндісі тақырыбындағы сұрақтарға дәл осындай сарынмен жауап берді.

Айтпақшы, тыңдау аяқталғанда, қысқы уақыттаға мұнай төгіндісін жинау тіптен қиын емес деген теориясын талқылау үшін мен Аджип ҚКО-ның мұнай төгіндісін жою жөніндегі үйлестірушісі Марк ШЕПЕРДКЕ жақындап бардым («Қашаған: мұнай төгіндісіне дайын емес» жарияланымын қараңыз). Ол қасында аудармашының жоқтығын желеуретті. Ал аудармашы табылған кезде Шепердтің өзі ғайып болған еді.

Академик М. ДиаровАкадемик М. ДиаровАджип ҚКО менеджері Вальтер РИЦЦИМЕН әңгімелескенде белгілі болғандай, менің 19 наурызда «АЖ» сайтында жарияланған Алматыдағы «Отын-энергетикалық кешендегі өнеркәсіптік қауіпсіздік» деп аталатын халықаралық конференция туралы аталмыш есебімді компаниядағылар оқып шығыпты. Дәл сол күні маған Алматыда болған кезде қысқы уақытта мұнай төгіндісін жою қиындау екенін, Аджип ҚКО-ның олардан «қысқы» скиммерлерді сатып алмайтынын айтқан мұнай төгіндісін жоятын жабдықтарға маманданған даниялық DESMI компаниясының вице-президенті Франдс ПИЛЕГААРД ДЖЕНСЕНМЕН хабарласқан екен. Риццидің айтуынша, даниялық өзінің  сөзін менің қате түсінгенімді растап отырған көрінеді. Бірақ біздің әңгімеміз диктофонға жазылған, ешқандай басқаша айтылған мәтін жоқ. Тыңдау барысында таныстырылым слайдтарында компанияның жылдың қысқы маусымында мұнай жинайтын 14 жабдығы бар екендігі туралы алғаш рет ақпарат айтылып өтті.  Алайда жұртшылық  күні бұрын зерделеу үшін ұсынылған жобада бұл ақпарат болған жоқ.

Оны қойшы. Бәрібір төгінді болған жағдайда бұл құралдармен бүкіл мұнайды жинай алмайды. Алматыдағы конференцияда мамандар барлық тәсілдермен – механикалық (скиммерлер және т.б.), диспергенттерді қолдану және өртеу әдісімен апатты жойғаннан кейін, төгілген мұнайдың бәрібір кем дегенде 30 пайызы теңізде қалатынын ашып айтты. Ал 3-дәрежелі төгінді орын алса, бізді ешкім де құтқара алмайды.  

 

«ЕШТЕҢЕ БІЛМЕЙСІЗДЕР ДЕ СӨЙЛЕЙСІЗДЕР»

«Атырау-Маңғышлақ» су таратқышынан өндірістік қажеттіліктер үшін су тұтынудың көбейгендігіне келер болсақ, Аджип менеджерлерінің айтуынша, ағымдағы жылдың аяғына дейін суды 30 пайызға дейін қайталап қолдануды, ал 2-кезеңде - 2014-2015 жылдары айналымдық сумен қамтуды 70 пайызға дейін көбейтуді жоспарлап отыр екен.

«Каспий табиғаты» ҮЕҰ жетекшісі Махамбет ХӘКІМОВТІҢ мұнай төгілген жағдайда халыққа кепілдіктер мен сақтандыру қарастырылған ба деген сұрағына, «НКОК» консорциумының сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Пьер ДЕЛЬПОН:

- Жауапкершілік тигізілген зиян мөлшеріне байланысты болады. Бұл әрбір нақты жағдай бойынша, соның ішінде осы зиян үшін тікелей жауапкершілік алатын компаниялар бойынша қарастырылады, - деп, жалтарма жауап берді.

Тыңдалымнан кейін аджиптіктер тәуелсіз экологтардың кейбір өткір айтылған пікірлерінің компаниядағы белгілі бір ақпаратты білмеуінен туындап отырғанын айтып өтті. Шара соңында Жайық-Каспий Орхусс орталығының директоры Шынар ІЗТІЛЕУОВА орынды айтып өткендей, аймақтың экологиялық болашағына алаңдайтын жұртшылықпен сөз қағысып қалмас үшін, компанияға жұртшылықпен жиі кездесіп, олармен нақты ақпаратты бөлісіп отырғаны жөн.  

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

23 наурыз 2013, 22:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.