Атырау, 24 желтоқсан 05:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Барлық жаңалық

Түркіменстан президенті партия қатарынан шықты Әлемде

Түркіменстан президенті партия қатарынан шықты

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов билік басындағы Түркіменстанның демократиялық партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл әрекетін ол елдегі көппартиялық жүйенің дамуы үшін жасағанын айтқан.   19 тамыз 2013, 13:51 2 772 рет қаралды
Сноуденнің деректерін жариялаған журналистің серігі ұсталды Әлемде

Сноуденнің деректерін жариялаған журналистің серігі ұсталды

Лондонның Хитроу әуежайында жексенбіде АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденмен байланысы бар журналист Гленн Гринвальдтің серігі Дэвид Миранда ұсталған.  19 тамыз 2013, 13:39 1 486 рет қаралды
Жаңа пойыз: ақша мен уақыт Басқа жаңалықтар

Жаңа пойыз: ақша мен уақыт

22 тамызда Астана вокзалынан «Тұлпар-Тальго» вагондарын тіркеген «Астана-Атырау» бағытында №19/20 «Атырау» жүрдек пойызы жолға шығады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.  16 тамыз 2013, 09:37 6 242 рет қаралды
Екі кісіні өлтірді деп айыпталуда Оқиға

Екі кісіні өлтірді деп айыпталуда

Атырау облыстық қылмыстыќ істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылында ағымдағы жылдың сәуірінде болған атышулы ерлі-зайыптыларды өлтіру фактісі («Қиғаштағы қос өлім» мақаласын қараңыз) бойынша тыңдау басталды. 18 тамыз 2013, 22:46 2 471 рет қаралды
Халайық, көк белдеуді қолға алайық... Экология

Халайық, көк белдеуді қолға алайық...

Осы уақытқа дейін Қарабатанды көгалдандыру үшін жасалған әрекеттердің сәтсіздігі бәріне қол сілтеуге себеп емес, - дейді Атырау тұрғыны Асылтек ЕСБОСЫНОВ. Ол өз сөзін дәлелдеп, зауыт айналасындағы «көк белдеудің» негізін салу үшін 1 000 шыбық бөлуге дайын. 18 тамыз 2013, 22:05 2 916 рет қаралды
Аргентина астанасында танго фестивалі өтуде Әлемде

Аргентина астанасында танго фестивалі өтуде

Аргентина астанасы Буэнос-Айреске әлемнің түкпір-түкпірінен танго биін ұнататындар жиналып жатыр. Өйткені, мұнда күні кеше танго фестивалі бастау алды. Екі аптаға созылатын би марафонының ашылу рәсімін «Үлкен секстет» атты әлемге әйгілі танго-оркестр бастап берді. 16 тамыз 2013, 16:51 2 410 рет қаралды
Оралда педофилия үшін сотталған азамат сұлулық байқауын ұйымдастырған Қазақстанда

Оралда педофилия үшін сотталған азамат сұлулық байқауын ұйымдастырған

Оралда сұлулық және өнер байқауының режиссері әрі жүргізушісі бұрындары педофилия үшін түрмеге отырған Дмитрий Еретенко-Петраковский болып шықты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  16 тамыз 2013, 16:43 2 254 рет қаралды
Шығыс Қазақстанда аюлар үйдегі төрт түлікке шабуыл жасауда Қазақстанда

Шығыс Қазақстанда аюлар үйдегі төрт түлікке шабуыл жасауда

Зырян ауданының малшылары аюлардан қатты қауіптеніп отыр. Жақында орман тағысы «Дородница» шаруа қожалығының төрт сиырын жарып, 500 мың теңгенің үстінде шығынға батырды, деп хабарлайды жергілікті Аltaynews.kz сайты. 16 тамыз 2013, 12:13 1 836 рет қаралды
Байқоңырдан зымыран ұшыруға тыйым салды Қазақстанда

Байқоңырдан зымыран ұшыруға тыйым салды

Протон-М зымыран тасығышы құлаған аумақта гептил деңгейі айтарлықтай төмендеген. Оның салдарын жою бойынша үкіметтік комиссияның төрағасы, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен жетті. Жақында өткен апаттың орны толмай жатып, Роскосмос Байқоңырдан тағы бір протон ұшырмаққа бекініпті деген ақпарат тараған болатын. Алайда министр жуырдағы апатқа қатысты мәселелерді шешіп алмайынша, бұған жол бермейміз деп отыр. 16 тамыз 2013, 10:41 1 690 рет қаралды
Египетте қаза тапқандар саны 578-ге жетті Әлемде

Египетте қаза тапқандар саны 578-ге жетті

Египеттің денсаулық сақтау министрлігі елдегі қақтығыстарда қаза тапқандар саны 578 адамға жеткенін хабарлады. Полицияның 14 тамызда биліктен тайдырылған ел президенті Мұхаммед Мурсидің жақтастарын күшпен таратуы кезінде үш жарым мыңнан астам адам жараланған. Мурсидің "Мұсылман бауырлар" партиясының өкілдері "қаза тапқандар саны министрлік дерегінен әлдеқайда көп" дейді. 15 тамызда ішкі істер министрлігі "полиция мемлекеттік мекемелерді кез-келген шабуылдан қорғау үшін оқ ататынын" мәлімдеген. Министрлік бұл ескертуін Мурси жақтастары Каирдегі Газни ауданы әкімдігін басып алып, ғимаратқа өрт қойғаннан кейін жасады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бейсенбіде Египеттегі жағдайға байланысты төтенше жиын өткізіп, үкіметті "барынша ұстамды болуға" және "бітімге келуге" шақырды. 3 шілдеде әскерилер Египет президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттеткен еді. Мурсидің жақтастары бір жарым айдан бері оның биліктен қуылғанына наразылық танытып, қарсылық акциясын өткізіп жатқан. Бейсенбіде полицияның әрекетіне наразылық акциялары Александрия мен Бени-Суэйф қалаларында да өтті. Бірақ шерушілер мен полиция қақтығысы болмаған. Бейсенбіде Мұхаммед Мурсиді қамау мерзімі тағы 30 күнге ұзартылды. Сәрсенбіде бері Египетте бір ай мерзімге төтенше жағдай жарияланған. 16 тамыз 2013, 09:25 1 524 рет қаралды
Рысқалиевтің қарындасы кісі өлтіруді ұйымдастырыпты Қазақстанда

Рысқалиевтің қарындасы кісі өлтіруді ұйымдастырыпты

Атырау облысының бұрынғы әкімі, қазір іздеуде жүрген қашқын Бергей Рысқалиевтің қарындасы Гүлжанар Рысқалиеваға 2005 жылы ақтөбелік белгілі бизнесмен Талғат Қожахметовті өлтіруге тапсырыс берді, деген айып тағылып отыр. Бұл туралы «Экспресс-К» газеті хабарлады. 15 тамыз 2013, 16:55 2 735 рет қаралды
Иесіз нысандар немесе  «СнабОйлСтройдың» аяқталмаған кешендерінен не қалады? Экономика

Иесіз нысандар немесе «СнабОйлСтройдың» аяқталмаған кешендерінен не қалады?

Үстіміздегі жылдың 9 тамызында облыстық мәслихат депутаттарының алдында өткен жартыжылдықтың қорытынды есебімен сөз сөйлеген облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ сөз арасында осы күзде Нұрсаядағы концерт залының құрылысы қайта жанданатынын айтып өтті.  15 тамыз 2013, 14:32 3 000 рет қаралды
Египет үкіметі: Қаза тапқандар саны 278-ге жетті Әлемде

Египет үкіметі: Қаза тапқандар саны 278-ге жетті

Египет үкіметі 14 тамыз күні Каирде және елдің басқа да аймақтарында болған қақтығыстардан 235 тұрғынның қаза тапқанын хабарлады. Ішкі істер министрі Мұхаммед Ибрахимнің айтуынша, олардан өзге 43 полицей мерт болған.  15 тамыз 2013, 15:48 1 569 рет қаралды
«Пәтер жалдаймын,  жыныстық қатынас  ұсынбаңыз» Қоғам

«Пәтер жалдаймын, жыныстық қатынас ұсынбаңыз»

Мамыр айында біздің сайтымызда жарияланған «Атыраулық полицейлер Керенский салған ізбен жүр» жарияланымы («АЖ» 30.05.2013 күнгі №...) қарапайым тұрғылықты халықтың өз үйлерінен жыныстық қызмет көрсету кәсібін ашуға пәтер жалдап алған «жеңгетайларды» қуа алмайтындықтарын ашық көрсетті. Егер оларға полициялар «қолдау» көрсетіп отырған болса, мүлдем мүмкін емес. Енді олардың өз үйлерінде тыныштық орнатуға мүмкіндіктері пайда болғандай. Шілдеде ел президенті ҚР-ның «Адам саудасына қарсы әрекеттер мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Бұл заңда секс бизнесін ұйымдастыруға арналған пәтерлерді жалға беруші үй иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Заң күшіне енді. 15 тамыз 2013, 14:56 13 090 рет қаралды