Атырау, 25 қараша 03:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Австралия мен Қытай еркін сауда жөніндегі келісімге қол қойды

1 969 просмотра

Австралия мен Қытай еркін сауда жөніндегі келісімге қол қойды. Келісімшартқа австралиялық премьер Тони Эббот пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпинь қол қойды, деп хабарлады ВВС. 

Канберра мен Бейжің арасындағы келіссөздер шамамен 10 жыл жүргізілген.

Келісім көлемі миллиардтаған долларды құрайтын екі елдің нарығын біртіндеп кеңейте түспек. Сондай-ақ, Австралиядағы Қытай инвестицияларындағы шектеулер де жеңілдетіледі. Бақылаушылар атап өткендей, келісімшарт австралиялық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлерге пайдалы.

Осыған дейін австралиялық парламентте сөз сөйлеген Қытай басшысы 2020 жылға қарай Қытайдың ІЖӨ көлемін екі есеге арттыру және заманауи социалистік мемлекет құруды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 қараша 2014, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.