Атырау, 25 қараша 03:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Грузияда НАТО-ның жаттығу орталығы ашылатын болды

1 602 просмотра

Грузияның Қорғаныс министрі Миндия Джанелидзе НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесуде Грузияда Альянстың жаттығу орталығын ашу үшін жер бөлуге уәде берді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бұл – қыркүйек айында Уельсте өткен саммитте қол жеткен негізгі келісімдердің бір парасы ғана.

«Жаттығу орталығы міндетті түрде ашылады. Оның қай жерден ашылатынын НАТО мен қорғаныс министрлігі жеке жиын өткізіп, талқылауы тиіс. Қазір Тбилиси басшылығы НАТО-дан жаттығу орталығын ашу жөнінде ресми ұсынысты күтіп отыр», - дейді грузиялық министр.

Столтенберг пен Джанелидзенің кездесуі Брюссельде өтті.

Дереккөз: bnews.kz

18 қараша 2014, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.