Атырау, 5 желтоқсан 08:00
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Петербургтен келген кубок

3 183 рет қаралды

Н. Жантөрин атындағы филармония жанындағы«Атырау»вокалды ансамблі Санкт-Петербургте өткен «Золото осени» халықаралық шығармашылық байқау-фестивалінде сәтті өнер көрсетті.

«Атырау» ансамблінің жетекшісі Алтын ЖҰМАТИНА былай дейді:

- Фестиваль бағдарламасында вокал, би, цирк және музыкалық байқаулар болды. Біздің балаларымыз тек вокал байқауына қатысып, жақсы өнерлерімен көзге түсті. Екі қызымыз 3-ші жүлделі орынды алса, біреуі 1-дәрежелі дипломант атанды. Нәтижесінде ансамбліміз фестивальдан 3-орын кубогын алып қайтты.

Жеңімпаздар әлі өте жас, жетістіктері әлі алдарында. 5 жасар Алтынай Төлеген Кеңес Дүйсекеевтің «Жау-жау, жаңбыр» және Михаил Таничтың «Из чего наш мир состоит?» әндерін орындады.  7 жасар Айпара Шапиева әділ қазыларды Бақытжан Байқадамовтың «Айгөлек» және Людмила Мельникованың «Фестиваль» әндерімен таңғалдырды. 8 жастағы Ақмарал Асыланбекқызы Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлауы» мен «Қасқыр және жеті лақ» кинофильмінен «Мама» әнін шырқап, дипломант атанды.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген А.Жұматина

18 қараша 2014, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.