Атырау, 26 қараша 09:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанның ұялы операторлары 1 желтоқсаннан бастап тіркелмеген нөмірлерге қызмет көрсетуді тоқтатады

2 549 просмотра

2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің талаптарына сәйкес тіркелмеген нөмірлер бойынша байланыс қызметтерін көрсету тоқтатылатылады, деп хабарланады ұялы байланыс операторларының сайтында. 

«Егер сіз пайдаланатын абоненттік нөмір тіркелмесе немесе деректеріңіз тіркеу сәтінен бастап өзгерсе және/немесе толық ұсынылмаса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.2011 жылғы №1718 қаулысымен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес 2014 жылдың 30 қарашасына дейін абоненттік нөмірді тіркеу және/немесе тіркеу деректеріндегі жетіспейтін ақпаратты жаңарту және/немесе ұсыну үшін қызмет көрсету орындарына хабарласуды сұраймыз, - делінген хабарламда.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 

18 қараша 2014, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.