Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвилидің айтуынша, Тбилиси Еуропамен интеграциялану бағытынан таймайды. Брюссельде Грузияның Еуропамен жақындасу саясатынан бас тарту ықтималдығына байланысты Гарибашвили Еуропа Одағы (ЕО) және НАТО басшыларымен кездескен.
Осы айдың басында Грузия премьер-министрі бірқатар әскери офицерлердің тұтқындалуын айыптап, тұтқындауларды "Грузияның еуроатлантикалық таңдауына жасалған шабуыл" деп атаған ішкі істер министрі Ираклий Алазанияны отставкаға жіберген. Алазанияның отставкасынан соң сыртқы істер министрі мен оның орынбасарлары да отставкаға кеткен. Ал басқарушы коалициядағы алты партияның бірі коалициядан шығып кетті.
Гарибашвили Брюссельде "еуропалық интеграциялық процесстердің күшін Грузияның табысқа жетуіне пайдаланғысы келетінін" мәлімдеді.
ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини Тбилиси алдымен заңның үстемдігін нығайтып, "саяси кек алудан, тайталас пен бақталастықтан бас тартуы қажет" деген.
Биыл маусым айында Грузия мен ЕО сауда және ынтымақтастық келісіміне қол қойған.
Дереккөз: Азаттық радиосы