Атырау, 28 қыркүйек 21:15
 дождьВ Атырау +19.1
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

​Атыраулық шахматшы әлемдік Олимпиадада күміс жүлдегер атанды

52 рет қаралды

Самарқандта өткен 46-шы Әлемдік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Құрамда Атырау өкілі Зарина Нұрғалиева да бар.

Соңғы, 11-турда қазақстандықтар Польша командасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Нәтижесінде 18 ұпай жинап, 189 құраманың ішінде екінші орынға тұрақтады. Алтынды Қытай иеленсе, қолаға Үндістан қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы Олимпиаданы бірде-бір командалық жеңіліссіз аяқтады: жеті жеңіс және төрт тең ойын. Бұл — қатарынан екінші күміс нәтиже, 2024 жылы да қазақстандық шахматшы қыздар Будапештте өткен Олимпиадада екінші орын алған еді.

Атырау облыстық шахмат федерациясы Зарина Нұрғалиеваны тарихи жетістігімен құттықтап, ұлттық команданың табысына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Бүгін, 20:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.