Фото: ria.ru«Құтқарушылар ұзақ уақыт бойы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, балық аулауға кетіп, қайтып оралмаған РТБК директоры мен үңгушісінің денелерін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қара Ертіс өзенінен тапты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«15 қарашада судан бір балықшының денесі табылса, 16.11.2014 ж екінші балықшының мәйіті табылды. Олардың неден қаза болғаны анықталуда. Болжам бойынша жүзу құралының екі адамға арналмауы және қалың қысқы киімнің олардың суда қимылдауына кедергі келтіруі оқыс оқиғаға әкелуі мүмкін», - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.
Дереккөз: bnews.kz
17 қараша 2014, 10:54
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.