Атырау, 26 қараша 09:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстандықтар Ұлыбританияға визаны жедел ресімдей алады

1 662 просмотра

Ұлыбританияға виза ресімдеуге өтініш білдірген қазақстандықтар қосымша  Priority Visa қызметін пайдалана алады, деп хабарлады Астанадағы Ұлыбритания елшілігіне сілтеме жасап Trend.az.

"Priority Visa қызметі аталмыш визалық өтініштерді қарау жұмыстарын кезектен тыс атқармақ. Қалыпты жағдайларда Priority Visa қызметімен визалық өтініштер бес жұмыс күні ішінде қаралады. Аталмыш қызмет үшін стандартты визалық жиынға қосымша 100 фунт төлеу қажет», - делінген елшілік хабарламасында.

«Барлық өтінімдер Құрама Корольдігінің көші-қон қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс. Визадан бас тартқан жағдайда немесе жоғарыда көрсетілген мерзімге қарағанда, көп уақыт  қарауды талап ететін ерекше жағдайларда Priority Visa қызметі  төлемінің орны толтырылмайды», - делінген хабарламада.

Priority Visa  қызметінің төлемі виза орталығына жазба броньдалған уақытта төленуі тиіс. Өтінім берушілер визалық өтініш берілгеннен кейін Priority Visa қызметін ала алмайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

18 қараша 2014, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.