Кез келген кәсіпорынның табыстылығының ең басты көрсеткіші – бұл жоғары бәсекелестік жағдайындағы көпжылдық қызметі. «Карт Бланш» ЖШС-і жиһаз өндіру нарығында 22 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Кәсіпкерлік табыстылық құпиялары туралы біз «Карт Бланш» ЖШС директоры Наталья ПЕСОЦКАЯДАН әңгімелеп беруін өтіндік.
- Наталья Александровна, бәрі қалай басталды?
- Біздің фирма Атырауда 1992 жылы құрылды. Алдымен шетелдік жиһаз тасымалдаумен айналыстық. Сол кезде біз Польша аумағында орналасқан немістің жиһаз фабрикасымен жұмыс жасадық. Бірден жоғары сапаға көңіл бөлдік. Сол жылдары біз жеткізген жиһаздардың барлығы жоғары сапалы болды, сондықтан да біз нарықтағы өз орнымызды тез таптық. Алайда барлығы оңай болған жоқ. Тоқсаныншы жылдардың аяғында, дағдарыс кезінде біраз қиналдық. Сауда тұрып қалды, жеткізушілер алдында орындалмаған міндеттемелеріміз қалды. Сол кезде бізді осыған дейін негізін қалаған өзіміздің жиһаздарымызды жасау қызметіміз құтқарып қалған сияқты. Барлық қажетті жабдықтарды сатып алып қойғанбыз. Сол уақытта Казкоммерцбанкті басқарған Раиса КИМ үлкен қолдау көрсетті. Соның көмегімен біз бизнесті дамыту несиесін ресімдеп, 1999 жылы өз өндірісімізді бастадық.
- Сіздер Атырауда бірінші болып жиһаз өндірісін бастадыңыздар. Қорқынышты болған жоқ па?
- Компанияны өте дарынды басшы – Юрий Андреевич Песоцкийбасқарды. Ол көреген де болашағын жақсы болжайтын басшы болды. Әрине, сол кезде жұмыс жасау өте қиын болатын. Материалдар, фурнитурлар жетіспеді. Сапаны да түсірмейтін, клиенттерді жоғары бағамен шошытпайтын жақсы материалдар табу керек болды. Юрий Андреевич өте тапқыр адам болатын, идеялар көмбесі деуге де болады!
Уақыт өте жеткізушілермен тығыз байланыс орнаттық. Бүгінде біз клиенттерге тек ерекше сапалы жиһаз ғана емес, қажетті техникалар мен түрлі аксесуарлар да ұсынамыз. Әріптестеріміз бізді жақсы біледі, сондықтан да сенімділік жағдайында бірлесе жұмыс жасаймыз, ал бұл бизнесте қымбат бағаланатын дүние.
- Наталья Александровна, бүгінде бәсекелестеріңіз көбейгені бәрімізге белгілі...
- Міне, үш жылдан бері марқұм Юрий Андреевич арамызда жоқ. Алғашқы бәсекелестеріміздің бірі бізден кеңес алуға келгені әлі есімде. Юрий Андреевич бизнесіміздің барлық ішкі «құпияларымен» бөлісті. Бәсекелестеріне осыншама кеңес бергені несі деп ұжымымыз таң қалды. Алайда Юрий Андреевич бұған былай жауап беруді жақсы көретін: «Үш аспаздың қамыры мен ашытқысы бірдей, алайда бірінікі – нашар, екіншісінде орташа, үшіншісінде өте дәмді шығады». Жылдар өткеннен кейін ғана дұрыс бәсекелестік өсіп-дамуға, өз деңгейіңді сақтауға көмектесетіні түсінікті болды.
- Бүгінде клиенттеріңізге не ұсынасыздар?
- Біздің әр клиентіміз ас үй, кеңсе жиһазы, киім шешінетін бөлмелер, дүкен сөрелері және тағы басқа жиһаздарға өз сызбалары бойынша, сондай-ақ фирма каталогы бойынша тапсырыс бере алады.
Жиһаздардың жоғары сапалылығына жабдықтардың жоғары технологиялығы мен қызметкерлеріміздің кәсіпқойлығы және барлық өндірістік үдеріске – жобалаудан дайын өнім шығару кезеңдеріне қатаң бақылау жасау арқасында қол жеткіземіз. Әр маусым сайын жаңа өндіріс желісін іске қосамыз. Жаңа технологиялар және «HEFELE», «EGGER», «FRANKE», «INDECO»сияқты үздік шетелдік жеткізушілермен ынтымақтаста болу халықаралық стандарттар деңгейінде жиһаз шығаруға мүмкіндік береді.
«Карт Бланш» компаниясы Қазақстанда бірінші болып стандартты аралық қабырғалар мен элиталық киім шешу бөлмелерін, сонымен қатар канадалық «Indeco» технологиясы бойынша көп функционалды шкаф-купе жасауды қолға алғанын ерекше атап өткім келеді.
«Карт Бланш» өнімдері экологиялық таза материалдардан дайындалады. Бүгінде компаниямыз кез келген алаңды жабдықтап, кез келген кеңселер мен сауда-саттық орынжайларын жиһаздандыра алады. Сонымен қатар, өнімдер клиентердің түрлі төлем қабілеттіліктеріне қарай кең бағалық диапазонда ұсынылады.
- Менің білуімше, «Карт Бланш» ЖШС тек Қазастанның ғана емес, шет елдердің кәсіпкерлік саласындағы көптеген марапаттарға ие.
- Шынымен марапаттарымыз жеткілікті, бәрін атап өту мүмкін емес, бір жағынан ыңғайсыз да болар. Бір-ақ мысал айтайын: кінәратсыз іскери беделіміз бен Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз үшін біз Швейцарияда Алтын медальмен және шығаратын өніміміздің сапасы үшін Парижде Алтын жұлдызбен марапатталдық.
- Наталья Александровна, Юрий Андреевич екеуіңіз тек іскери әріптес қана емес, ерлі-зайыпты болдыңыздар. Ортақ іспен айналысқан ерлі-зайыптылар арасында кикілжің туады деген пікір бар...
- Біздің жағдайымызда бәрі керісінше болды. Біріншіден, бизнесте жарасымды жұп болдық. Мен қашанда тәуекелшіл болсам, Юрий Андреевич көреген адам болатын. Біз бір-бірімізді толықтырып отырдық. Отбасында да солай. Жұбайым жанұямыз үшін үлкен үй салды. Бүгінде балаларымыздың өз отбасылары бар, немерелеріміз өсіп келеді. Негізі, балалардың көбі ата-ана үйінен, өскен ұясынан тез кетуге тырысады ғой, бізде керісінше, отбасымыздың мықтылығы мен татулығы соншалық, ешкім әке үйінен кеткісі келмейді.
- «Карт Бланштың» алдағы жоспарлары қандай?
- Біз қашан да өз деңгейімізден түспеуге және клиенттерімізге көптеген қызықты және қолжетімді нұсқалар ұсынуға тырысамыз. Жақын арада клиенттерге ыңғайлы болу үшін Интернет-сайтымызды ашамыз.
- Сұхбатыңызға рахмет. Табысқа жете беріңіздер!
Тамара СУХОМЛИНОВА