Атырау, 26 қараша 09:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Алматы колледжінде болған жарылыс салдарынан зардап шеккендердің саны 12 адамға жетті

2 019 просмотра

Алматы колледжінде болған жарылыс салдарынан зардап шеккендердің саны 12 адамға жетті, деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері брифинг барысында. 

«Зардап шеккендердің саны 12 адамға жетті», - қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Рамазанов Манас.

 «Қазір қаланың үздік дәрігерлері 3-4 рет консилиумге жиналып, бірлесе қимылдауда. Барлық институттардың мамандары тартылды. Мұнда бір бригадада бірнеше маман уролог, хирург, тамыр хирургы, торокалды хирург, көз дәрігері, нейрохирург сияқты дәрігерлер тізе қосып қимылдауда», - деді Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, түскен науқастардың 11-і колледж студенттері болса, 12-ші қыз бір студенттің қарындасы болып шықты. 

Аурухана ішінде науқастардың туыстары көптеп жиналған. Олардың барлығына таңнан бері психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Алматы Сән және дизайн колледжінде БӘД сабағы кезінде граната жарылды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, ТЖ салдарынан тәлімгердің біреуі қаза тауып, 11 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Колледж студенттерінің барлығы қауіпсіз жерге шығарылды.

Қала басшысы қаза болған қыздың туған-туыстарына өтемақы төлеуді тапсырса, ақ халаттыларға жапа шеккен студенттердің өмірін арашалап қалудың бар амалын жасауды тапсырды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

17 қараша 2014, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.