Еурокомиссия Нидерландыда тараған құс тұмауына қарсы шаралар қабылдамақ
1 560 просмотра
Еурокомиссия дүйсенбі күні Нидерланды ауылындағы фермада тіркелген құс тұмауына байланысты жедел кеңес өткізбек, деп хабарлайды ВВС.
Комиссия баспасөз қызметінің хабарлауынша, анықталған вирус штаммы адам үшін қауіпті болуы мүмкін.
Фермада 150 мың тауық болған. Амстердам оларды Еуропа одағының санитарлық ережелеріне сәйкес жоюы тиіс.
Вирус анықталған Хекендорп ауылы ауданында үш күндік карантин жарияланды.
Еске сала кетсек, қараша айының басында Германияда бұған дейін тек Азия елдерінде тараған H5N8 құс тұмауы анықталды.
Дереккөз: bnews.kz
17 қараша 2014, 10:03
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.