Атырау, 26 қараша 09:34
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Алматыдағы колледждің қаза болған студентінің отбасына 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек беріледі -әкімдік

2 289 просмотра

Алматыда жарылыстан қаза болған 17 жасар Светлана Яковлеваның  отбасына 1 млн. теңге көлемінде материалдық көмек беріледі,жарылыстан жапа шеккен балалардың отбасыларына әрқайсысына 500 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілетін болды деп хабарлайдф сейсенбіде Алматы әкімдігі.

Кеше Алматы әкімі Ахметжан Есімов Сән және дизайн колледжінде болған жарылыстың себебін шұғыл түрде анықтауды тапсырған болатын. Оның тапсырмасы бойынша қазір әкімнің орынбасары Юрий Ильиннің басқаруымен арнайы комиссия құрылды.Сонымен қатар,  қала басшысы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына төтенше жағдайдан жапа шеккен адамдардың денсаулығына аса мән беруді қатаң тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше таңертең Алматыдағы Сән және дизайн колледжі ғимаратының екінші қабатында Алғашқы әскери дайындық сабағында жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан 1 қыз оқиға орнында қаза болып, 12 адам жапа шекті. Әзірге, олардың 5-еуінің жағдайы ауыр.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

18 қараша 2014, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.