Атырау, 26 қараша 09:48
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Калачи тұрғындары тегіс көшірілмек

1 727 просмотра

Ақмола облысындағы Калачи ауылында ұйқы ауруы қайта қозып жатыр. Белгісіз дерт себептерін ақыры анықтай алмаған билік енді ауыл тұрғындарын түгел басқа жаққа көшірмек.

Мұнда демалыс күндері тағы 8 адам қалың ұйқыға кетті. Тіпті олардың бірі трактордың тізгігінде отырып мызғып кеткен. Жұрт ауыр техниканың теңселіп келе жатқанын көргенде, жүргізушісі мас екен деп ойлаған екен. Сөйтсе, ол «ұйқы ауруына» шалдығыпты. Ал оның кішкентай ұлы жуырда ғана ұзақ ұйқыдан оянған көрінеді. Осы күндері Калачиде тракторшыдан басқа тағы 7 адам ұйықтап кетті. Олардың барлығы Есіл аудандық ауруханасында ем алып жатыр. Белгісіз дерт күннің құбылмалы ауа райы кезінде тағы белгі береді. Мамандар жылымық ауаның жұмбақ ауруды қоздыратыны айтқанымен, бұрынғы уран кеніші болған мекенде елді есеңгіреткен аурудың себебін әлі анықтай алар емес. Шенеуніктер жақында Калачи тұрғындары басқа жаққа көшірілетінін хабарлады. Осы мақсатта 2 млрд теңге бөлінеді деп жоспарлануда. 


Дереккөз: ktk.kz

18 қараша 2014, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.