16 қарашада Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күні атап өтілді.
Оны Атырауда да атап өтті. Қала көшелерінде полицей машиналарымен бірге қара түсті алты көліктен құралған шеру жүріп өтті. Көліктер «Ақ Жайық» қонақ үйінің алдындағы алаңға тоқтап, сигнал беріп, Азаттық даңғылының екі шетінен оларға басқа жүргізушілер да сигналмен үн қосты. Бұл да бір сәт үнсіздік іспетті болатын...
Содан кейін жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері мен жол қозғалысының жас инспекторлары жүргізушілерге қауіпсіз жүргізу жадынамасын таратты. Жас инспекторлар көкке қара және ақ түсті әуе шарларын ұшырды.
Облыстық әкімшілік полициясы басқармасы штабының мәліметтері бойынша, жыл басынан бері ЖКО-дан 71 адам қаза болып, 421 адам зақым алған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Сурет ІІД ӘПБ штабынан алынды