Атырау, 18 мамыр 21:05
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Зорлау фактісі болған жоқ

4 125 просмотра

11-сыныпта оқитын оқушы қызды туған әкесі – мұғалімі зорлаған деген факт расталмады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Злиха ДҮЙСЕКЕНОВА «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық науқанына арналған баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Атырау облысының тұрғыны бірнеше жылдан бері өзінің кәмелет жасқа толмаған туған қызын зорлап келген деген суыт хабар үстіміздегі жылдың қыркүйегінде бірнеше республикалық БАҚ беттерінде жарық көрген болатын. Қыздың туыстары құқық қорғау органдарына осындай шағым түсірген. Олардың айтуынша, бұл бірнеше жылдан бері жалғасып келген.

- Бізге қыздың туыстары шағым жазған жоқ. Басқармаға құқық қорғау органдарынан ескерту келіп түсті, біз арнайы комиссия құрып, психологтарды қатыстырып, қызбен бірнеше рет сөйлестік. Қыз бала жастайынан ата-аналарынан бөлек тұрған. Тергеу кезінде зорлау фактісі расталмады, бұл туралы басқармаға құқық қорғау органдарынан ресми хат келді, - дейді З. Дүйсекенова.

- Ал қыз не айтады?

- Ол әкем зорлады деген өз сөзінен танар емес. Алайда тергеу қорытындысы зорлықтың болмағанын анықтап отыр.

Мұндай оқиғалар - өте сирек кездесетін төтенше жағдай. Көбіне балалар құқығы басқаша бұзылады: әл-аухаты нашар отбасынан шыққан оқушылар немесе еңбек мигранттарының балалары мектепке баратын мүмкіндіктері болмай, жұмыс жасауға мәжбүр болады. Қазіргі уақытта Жылыой ауданындағы бір отбасының балалары сабаққа бармай жүр. Алайда педагогтар бұл отбасыны таба алар емес, дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы ата-аналары тұрғылықты жерлерін ауыстырып жіберген. Кәмелет жасқа толмағандардың құқығы бұзылған жағдайда басқарма мамандары төмендегі сенім телефонына қоңырау шалуды өтінеді – 28 10 48.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 қараша 2014, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған