Атырау, 28 қыркүйек 19:52
 дождьВ Атырау +22.1
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Аяқ киімге байланысты «алтынды» тартып алды: Қазақстан Тоқсанбаеваға жүлдеақыны өз есебінен төлейді

82 рет қаралды
Сурет: Арлан Олжабай / ҚР ҰОК
Сурет: Арлан Олжабай / ҚР ҰОК

ҚР Жеңіл атлетика федерациясы аяқ киіміне қатысты шағымдарға байланысты Азия ойындарының алтын медалінен айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға жүлдеақы төлейді. Тексеру қорытындыларына қарамастан, бұл соманы федерация өз қаражаты есебінен төлейтін болды.

Еске салсақ, спортшы марафондық қашықтыққа (42,195 км) спорттық жүруден 3:22:20 нәтижесін көрсетіп, «алтын» жеңіп алған еді. Дегенмен мәреге жеткеннен кейін ол жарыстан шеттетілді.

Федерация түсіндіргендей, спортшы өнер көрсеткен ASICS кроссовка маркасы World Athletics рұқсат еткен тізімге кіреді, алайда Тоқсанбаева киген нақты үлгі бұл тізімде болмай шыққан. Бұл ретте старт алдында аяқ киім ресми тексеруден өтіп, төрешілер алқасы жеңіл атлетті жарысқа жіберген болатын.

Қазақстан тарапы жарыстан шеттету туралы шешімге қатысты ресми наразылық пен шағым жолдап үлгерді.

«Федерация Ясминаның құқығы мен мүддесін қорғау жұмысын жалғастырады. Біз үшін ол — чемпион. Наразылықты қарау нәтижесіне қарамастан, жеңімпаз үшін көзделген барлық жүлдеақы төлемдері федерацияның өз қаражаты есебінен толық көлемде жүзеге асырылады», — деп баса айтты федерация мүшелері.

Бүгін, 18:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.