Атырау, 26 қараша 09:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мақсат Үсенов қамауға алынды

1 958 просмотра

Аты шулы жүргізуші Мақсат Үсенов Алматыда тағы да жол-көлік оқиғасын жасап, 20 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметтің айтуынша, М.Үсенов жол апатын жасағаннан кейін дереу жолаушы орындығына отырып алған. Сонымен қатар, бұдан бұрын адам қағып өлтірген жүргізуші медициналық тексерістен өтуден бас тартыпты. Дәл осы құқық бұзушылығы үшін, ҚР ӘҚБКо 471 бабы бойынша ол 20 тәулікке қамауға алынды.

2014 жылдың 15 қарашасында Mercedes автокөлігімен келе жатқан Мақсат Үсенов жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota RAV-4 автокөлігімен соқтығысқан. Оның 38 жастағы жүргізушісі басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың желтоқсанында Үсенов жасаған жол-көлік оқиғасы халықтың ашу-ызасын туғызған еді. Ол кезде Мақсат Үсенов BMW X6 көлігімен Қабанбай батыр мен Масанчи көшелерінің қиылысында алты бірдей адамды қағып кеткен болатын. Зардап шегушілердің барлығы жаяу жүргіншілер жолында келе жатқан. Жол апаты салдарынан олардың бірі сол жерде жан тапсырды, екі жолаушының денсаулығына орта ауырлықтағы зақым келсе, үшеуі жеңіл жарақат алды.

Марқұмның әкесі сотқа тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішпен жүгініп, жүргізушіні кешіргенін айтқан болатын. Осы өтініштің негізінде және М.Үсенов кінәсін толық мойындағаны ескеріліп қылмыстық іс тоқтатылды.

Дереккөз: bnews.kz

17 қараша 2014, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.