Спорт Жеңіс тұғырына көтерілді Жуырда қала мектептерінің мұғалімдері арасында спорттың бірнеше түрі бойынша қалалық спартакиада өтті. Мұғалімдер волейбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, армрестлинг, кір тасын көтеру секілді спорт түрлерінен сынға түсті. 2 желтоқсан 2010, 00:00 4 019 просмотра
Спорт «Қазақстан спортында ақша табу мүмкін емес» «Атырау» ерлер волейбол командасы келер жылғы мамыр айында клуб командалары арасында Иранда өтетін халықаралық Азия кубогы чемпионатында Қазақстан атынан ойнайтын болады. Естеріңізге сала кетсек, «Атырау» ерлер волейбол командасы биыл тағы да Қазақстанның кубогын жеңіп алған еді. Оған дейінгі республика кубогы өткен қыркүйекте Өскемен қаласында еліміздегі Жоғары А және Жоғары Б лигаларының 12 командалары арасында өтіп, финалға хромтаулық «Казхром», оралдық «Конденсант», петропавлдық «Есіл» және «Атырау» командалары шыққан болатын. «Казхромды» 3:2 есебімен ұтқан атыраулықтар, финалда «Есілмен» кездесіп, 3:2 есебімен ел кубогын қанжығасына байлады. 2 желтоқсан 2010, 00:00 4 251 просмотра
Қоғам Тұрғамбаевтың жаңа технологиясы Үстіміздегі жылдың қарашасында «Арнаулы автобаза» 200 қарапайым және 175 трапеция түріндегі қоқыс контейнерлерін алған еді. 1 желтоқсан 2010, 00:00 3 800 просмотра
Экология Биліктің қолы бос емес Индер ауданы Жарсуат ауылының тұрғындары бір жылға жуық уақыттан бері Жайықтың лас суын ішіп отыр. Оны біз осы ауылда болғанда көзбен көрдік. 1 желтоқсан 2010, 00:00 6 847 просмотра
Қоғам Әйелдер түрмесінде лицей ашылды Батыс Қазақстанның төрт облысы бойынша сотталған әйелдер жазасын өтеп жатқан Атырау облыстық қылмыстық атқару жүйесі басқармасына қарасты қаламыздағы №157/11 әйелдер колониясы Қазақстандағы осындай бесінші мекеме. Жақында осы түрменің жанынан кәсіптік білім беретін лицей, тігін цехы және мектеп ашылды. 1 желтоқсан 2010, 00:00 8 454 просмотра
Экология Жайық пен халықты құрбандыққа шалған жоба Қарашаның 19-ы күні Атырауда Жайық өзені сағасында мұнай төгінділерін жинайтын экологиялық базаны орналастырудың қоршаған ортаға зияны әсерін алдын ала анықтау жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті. «Қазмұнайгаздың» бұл мәселені көтеріп келе жатқанына бес жылдай уақыт болды. О бастан-ақ базаны Дамбы поселкесі аумағындағы Жайық сағасынан салу көзделген болатын. Ал ол «Ақ Жайық» табиғи қорығына жақын. Ал бұл қорықты итбалық пен қызылбалықтың сан түрлері, жүздеген құстар мекен етеді. Мұнай төгінділерін жинауға арналған база балықтардың, соның ішінде президент күні кеше Бакуде мораторий жариялауға ұсыныс айтып отырған қызылбалықтардың уылдырық шашатын жері. 1 желтоқсан 2010, 00:00 5 683 просмотра
Экология «Светлана» маңы – улы газ шоғырланған аудан Ғалымдар Атырау қаласының экологиялық төлқұжатын жасауға кірісті. Жобаға тапсырыс беруші – «Атырау МӨЗ» ЖШС, мердігері – «Атмосфералық ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС. Жұмыс облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құзырымен жүргізілуде. 1 желтоқсан 2010, 00:00 5 064 просмотра
Қоғам Кімнің қызысың, қалқам? Кеше күндіз «Дина» базарында қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері панасыз жүрген кішкене қыз баланы тауып алды. Бүлдіршін өзінің есімінің Снежана екендігін айтып және саусағымен жасының төртте екендігін көрсетті. Оның киімінің қалтасынан 1989 жылы туған әйелдің атына жазылған туу туралы куәлік табылды. Снежана да өз анасының есімін сұраған кезде дәл сол куәліктегі есімді айтты. Туу туралы куәліктегі көрсетілген әйелдің ата-анасының мәліметтері бойынша Привокзальный мөлтек ауданына тексеру жүргізілді. Алайда, онда көптен бері басқа адамдардың тұратындығы белгілі болды. 1 желтоқсан 2010, 00:00 4 319 просмотра
Қоғам Редактор қоржынынан: Экспаттар мен “спецтар” туралы іс Зэкон мырза еңсесі төмен түсіп, өзін жайсыз сезінді. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жеке көрсеткіштері төмендеп кетті, долларлардың жұқарып қалған бумасына көзі түскен басшылықтың қабағы қатулы, ол аз дегендей кезекті жеке коттедждің құрылысы да тұралап қалды. Бүкіл әлемді үркіткен қаржы дағдарысы бірінші кезекте жемқорлықпен күресушілерге, оның ішінде Хатроу-ситидегілерге оңай соққан жоқ. 1 желтоқсан 2010, 00:00 4 014 просмотра
Қоғам Ақшамыз суша ағады ма? 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап атыраулықтар сумен қамту қызметін дифференциалдық тарифтер бойынша төлей бастайтын болады. Нағыз үнем-шілдер үшін керемет тариф қарастырылған. Ал өздерін шектеуге дағдыланбағандар үшін көп төлеуге тура келеді. Төлем құны көпке шығады. 1 желтоқсан 2010, 00:00 8 921 просмотра
Мәдениет Қазақ қол өнерінің Арыстаны Қазақ халқы ежелден қастер тұтқан өнердің бірі – қол өнері. Заманалар өзгерісі оның экзотика күйінде ғана қалып қою қаупін тудырған кезеңдер де өтті басымыздан. Әсіресе, Кеңес үкіметі кезінен бастау алған батыс мәдениетіне тым асыра еліктеу ағымы бірнеше ұрпақты ұлттық қол өнерден алыс ұзатып әкетті. Осыған жаны ауыратын және осы өнермен ғұмыр бойы талмай айналысып келе жатқан өнерпаздың бірі - атыраулық шебер, ҚР Мәдениет қайраткері Арыстанбек Молдашев. 1 желтоқсан 2010, 00:00 15 911 просмотра
Қоғам Алимент төлеушіні ұстау ақірет екен Полицейлер сот орындаушылармен бірлесе отырып «Борышкер» деген атаумен оперативті-алдын-алу шараларын жүргізді. ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, бұл операция мемлекеттік борышкерлер мен алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді іздестіруге бағытталған екен. 1 желтоқсан 2010, 00:00 3 944 просмотра
Оқиға Құжаттың орнына қару Исатай ауданында араққа тойған жүргізуші автоинспекторға қарсы мылтықпен ұмтылған. ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша,сол күні жол полициясының қызметкерлері республикалық маңызы бар тасжолда рейд жүргізген екен. 25 қараша күні кеште Атырау-Астрахан тас жолында Аққыстау селосынан «Жигули» автокөлігі тоқтатылады. 1 желтоқсан 2010, 00:00 4 462 просмотра
Оқиға Экология да майшелпекке айналған ба? Жайық-Каспий экология департаменті бастығының орынбасары Қанат МҰСАПАРБЕКОВ қызмет орнынан алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. 1 желтоқсан 2010, 00:00 4 487 просмотра
Басқа жаңалықтар Ағаштар бүршік жарғалы тұр Биылғы күз ауасының температурасы нормадан жоғары, орташа алғанда 3-4 градус болды. Ал, бұл аздаған ауытқушылық күтпеген тосын жайға ұрындыруы мүмкін деп есептейді атыраулық орнитолог Федор САРАЕВ. 1 желтоқсан 2010, 00:00 10 169 просмотра
Мәдениет Болашақ діндарлар қазақ тілін оқиды Өткен жұманың ішінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр жуық арадан бастап православиялық храмдарда Құдайға сиыну екі тілде - шіркеу славяндық және әдеби қазақ тілінде жүргізілетінін айтты. 1 желтоқсан 2010, 00:00 7 528 просмотра
Басқа жаңалықтар Кемеңіз көпірді іліп кетпесін Аймақаралық «Каспий» көлік бақылау инспекциясында навигация қорытындылары бойынша кеңес болып өтті. Кемелерді пайдалану қауіпсіздігі, соның ішінде олардың қыс мезгілінде кемежайларға орналасу мәселелері қаралды. 1 желтоқсан 2010, 00:00 4 694 просмотра
Қоғам Мектептер балалар үшін бәсекеге түспекші Келесі жылдан бастап қазақстандық мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі мекеме балғындары мектеп пен балабақшаны өз беттерінше таңдау құқығын алады. Мектептерді қаржыландыру мына прициптер бойынша жүргізіледі: оқушылар қанша көп болса, сонша ақша да көп болады. Осыған байланысты кейбіреулер енді мектептер өздеріне балаларды тартуды бастайды деп ойлайды. Бұл туралы мектеп директорлары не дейді? 1 желтоқсан 2010, 00:00 4 364 просмотра
Қоғам Мұңы арылмаған “Екінші мұнайлы астана” Жылыой ауданының әкімшілік орталығы – Құлсары қаласын еліміздегі ірі Теңіз кенішінен бар болғаны 90 километр қашықтық бөліп тұр. «ТШО» ЖШС жыл сайын Теңізден өндіріп жатқан мұнай көлемінің артуы (үстіміздегі жылдың 10 айы ішінде 21 млн. тоннадан астам) қалаға еліміздің мұнай астанасы мәртебесіне үміткер болуға құқық береді. Алайда өндіріс алыбының жақын екендігіне қарамастан әлі күнге дейін қаланың инфрақұрылымы сын көтермейтін жағдайда. 1 желтоқсан 2010, 00:00 6 458 просмотра
Қоғам Астанада ЕҚЫҰ саммитінің құрметіне жаңа туылған нәрестеге Саммитхан есімі берілді Астанада ЕҚЫҰ саммитінің құрметіне жаңа туылған нәрестені Саммитхан деп атады. Ұл бала 19-шы қарашада Астананың №1-ші перзентханасында 3,2 кг салмақпен және бойы 51 см болып дүниеге келді. «Біздің атамыз осындай шараның құрметіне немересін осылай атағысы келді», - деді ҚазТАГ тілшісіне баланың анасы Индира. 1 желтоқсан 2010, 00:00 5 402 просмотра
Мәдениет Балет шебері Болат АЮХАНОВ: «Шәкірт ұстазын қайталай алады, бірақ оның оригиналы бола алмайды» Болат АЮХАНОВ. Харизматикалық тұлға. Қолынан қолшатыры, мойнынан қызыл шарфы түспейтін нәзік те жұмбақ жан. Адамдарға көмектескенді жаны сүйеді. 40 жылда өзінің ізін жалғастырып келе жатқан 37 балет бишісіне пәтер алып берді. Өзінің Алматыдағы төрт бөлмелі пәтерінде үйсіз - күйсіз жүрген әріптестері оның жанұясымен көп жылдар бойы бірге тұрды. Меншікті мекенінде сәндік символы ретінде ит, мысық ұстамайды. 1 желтоқсан 2010, 00:00 10 612 просмотра
Қоғам Ұшақ қанатындағы сурет Жуырда бір оқырманымыз Авангард ықшам ауданындағы «Жеңіс» демалыс саябағында тұрған ұшақты суретке түсіріп алғанда бір қызық жағдайға тап болған. Ол сол суретке кейін үңіліп қараса, ұшақ қанатынан көзі жұмулы жауынгердің бет-бейнесіне көзі түседі. «Бұл не деген тылсым?» деген таңғалысын редакциямен бірге бөлісуді шешкен ол суретті әкеліп көрсетті. 1 желтоқсан 2010, 00:00 12 962 просмотра
Экономика Газ турбиналарын жөндейтін зауыт жұмысын бастады Құны 40 млн. доллар тұратын айналма құралдарды жөндеу, техникалық сервис қызметін көрсету және құрал бөлшектерін өндіру бойынша арнайы энергомашинақұру зауытының құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталған. 1 желтоқсан 2010, 00:00 6 047 просмотра
Басқа жаңалықтар Әуеден түскен «сынықтар» Ресей Федерациясымен шектескен шекарадан шамамен екі шақырымдай Құрманғазы ауданының Қоңыртерек селосына жақын маңнан белгісіз ұшатын нысан қалдықтары табылды. Белгісіз аппараттың құлауын жергілікті тұрғындар жұмаға қараған түні сырттай бақылаған еді. 25 қараша 2010, 00:00 5 765 просмотра
Қоғам Балшықтан тұрғызылған үйдің шырғалаңы Сіз үй сатып алуға несие алдыңыз, көптен күткен келісіміңізді жасадыңыз, енді банкке ай сайын мың доллардай қарызыңызды өтейсіз делік. Он жылдық несиеге кіріптар болатыныңызға қарамастан, сізді жаңа баспанаңыздың бар екендігі туралы ой тыныштандырады. Кенеттен бір күні сіздің үйіңіз (тайға таңба басқандай етіп техникалық төлқұжатта жазылғандай) сенімді ракушеблоктан емес, жай ғана саманнан салынғандығы туралы өзіңіз үшін керемет жаңалық ашасыз. Біздің оқырмандарымыздың бірі дәл осындай жағдайға тап болыпты. 25 қараша 2010, 00:00 8 919 просмотра