Атырау, 28 қыркүйек 12:32
 дождьВ Атырау +17.9
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Қазақтың салтымен Бағдат Мусин inDrive негізін қалаушыға сәйгүлік сыйлады

81 рет қаралды

Халықаралық inDrive компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннен үйлену тойында алған ерекше сыйлығы туралы айтты, деп хабарлайды Nege.Aqsha.

Бизнесмен Threads әлеуметтік желісінде Мусиннің өзіне «Барбарис» атты жеті жасар асыл тұқымды сәйгүлік сыйлағанын мәлімдеді.

«Тойда әдетте конвертке ақша салып сыйлайды. Ал Қазақстанда ат сыйлайды!» — деп әсерімен бөлісті кәсіпкер.

Томский сондай-ақ бірнеше жылдан бері принципиалды түрде жеке көлік сатып алмайтынын, тек inDrive сервисінің таксиімен немесе жалға алынған көліктермен жүретінін еске салып, әзілдеді.

«Енді жеке көлігім бар. Тариф: сәбіз бен алма», — деп мысқылдады inDrive негізін қалаушы.

Тамыз айында Арсен Томский қазақстандық Камила Лұқпановаға үйленді. Салтанатты шара Стамбулда, Босфор жағалауында өтті. Шақырылған қонақтардың арасында Бағдат Мусин де жұбайымен бірге болды.

Бүгін, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.