Атырау, 6 мамыр 20:57
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Өңіраралық ұрылар тобы (толықтырылды)

2 660 просмотра

Полицейлер Құлсары қаласында жеке тұрғын үйлерді тонаған ұрылар тобын ұстады.

Олар ауқатты отбасылардың қайда тұратынын алдын ала анықтап, үй иелерінің жоқтығын пайдаланып отырған. Ұрылар үйге терезе арқылы кіріп, ақшаларды, әшекей бұйымдарды, қымбат ішіктерді қолды қылған.

Наурыздың 14-і мен 18-і аралығында 13 қылмыс жасалып, жәбірленушілерге 8 млн теңгеден астам залал келтірілген.

- Жедел іздестіру шаралары кезінде ұрылар тобы ұсталып, уақытша қамауға алынды, -дейді Жылыой ауданы прокурорының орынбасары Жәнібек ҚАРАЖАНОВ. - Бұл – 27 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны, сондай-ақ, бұрын сотталған Құлсары қаласының 35 жастағы және 27 жастағы тұрғындары. Олар тұратын пәтерден айғақ заттар табылды.

Полиция ұсталушылардың басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 2012 жылы Құлсары қаласында осы адамдардың (және Аралдың 29 жастағы тұрғынының) жеке кәсіпкердің үйіне ірі мөлшерде ұрлық жасағандығы анықталған. Сол кезде 400 мың доллар мен гауһартасты зергерлік бұйымдар қылмыскерлердің олжасына айналыпты. Осыдан кейін олар Қазақстанның басқа қалаларына "гастрольге" шыққан. Аралдық ұры қылмыстық топтың басқа мүшелерінен бұрын ұсталды. Қазір ол Ақтөбе қаласындағы түзету колониясында жазасын өтеуде.

Атырау жедел топ қызметкерлері Қызылордаға барып, ұрылардың ұрланған заттарды сатқан жерлерінен заттай айғақтарды тәркіледі. Тергеу ісін Жылыой АІІБ жүргізуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА, Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.