Атырау, 28 қыркүйек 13:38
 дождьВ Атырау +17.9
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Каспийдегі трагедияда аман қалған атыраулық сарбаз «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

108 рет қаралды

Атырау облысы Махамбет ауданының тумасы 19 жастағы Бекет Қуандық Бақтыбекұлы мемлекеттік «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Тиісті Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қыркүйекте қол қойған. Бекет Қуандық — №29011 әскери бөлімінде матрос-атқыш болып қызмет атқарып жүрген сарбаз. Ол әскери борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапатталды.

Онымен бірге 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында болған трагедиядан аман қалған тағы екі әскери — матрос-атқыш Ақжол Темірхан және санитарлық инструктор Никита Удалов та «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Бұған дейін Бекеттің анасы Карлығаш Мырзағалиева ұлының өз күшімен жағаға жеткенін және ауруханаға жатқызылмағанын айтқан еді. Ол әскерге 2025 жылдың 3 қазанында шақырылған болатын.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.