6 сәуірде таңертеңгі сағат 10-да Молдағұлова мен Жарбосынов көшелерінің қиылысында «Лада» ВАЗ-2115 пен «Арнаулы автобаза» КМК-ге тиесілі DRAC қоқыс таситын манипулятор көліктері соқтығысып қалды. Көз көргендердің айтуынша, жеңіл көлік негізгі жолда келе жатқан жүк көлігін өткізбеген.
Соққыдан қоқыс көлігі жол жиегіне шығып кетіп, бағанаға соқылған, содан соң бір бүйірлеп құлаған. Бағана екіге бөлініп, жоғарғы бөлігі жүргізуші мен «Арнаулы автобазаның» екінші қызметкері отырған кабинаны басып қалған.
Оларды шығарып алуға ТЖД құтқарушылар бригадалары жетті. Электр қысқаштарымен олар бағананың металл шыбықтарын сындырып, содан соң арнайы құралмен майысқан кабинаны жылжытты.
«Арнаулы автобазаның» зардап шеккен (аяқтарына зақым келген) қызметкерлерін сол жерде күтіп тұрған жедел жәрдем көлігі алып кетті. Жеңіл көліктегі үш жігіт басқа жедел жәрдем көлігіне мінді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ
В Атырау +4 




