Атырау, 5 желтоқсан 10:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Өтініштерді қарамағаны үшін ескерту алды

2 007 рет қаралды

Жылыой аудандық прокуратурасы аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінде жер заңнамалары талаптарының сақталуын тексерді.

Бірқатар құқықбұзушылықтардың орын алғаны анықталды. Жылыой ауданы пркурорының аға көмекшісі Арман АЙТҚАЛИЕВТІҢ айтуынша,  «Ғимарат» ЖШС-нің автокөлік тұрағын салу үшін жер телімін бөлуді сұрап жазған өтініші тіркелгенімен екі айдан астам уақыт қаралмай жатқан. Сол секілді фактілер жетерлік. Бөлімде 120 өтінішті, соның ішінде жеке тұлғаның - 107, заңды тұлғаның – 13 өтінішінің қарау уақытының тым созылып кеткендігі анықталып отыр.  

Аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б. САТИЕВКЕ сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтарға жол бергені үшін ескерту берілді.      

Ләззат ҚАРАЖАНОВА    

4 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.