Атырау, 22 наурыз 07:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

​Киік мүйіздері тәркіленді

2 185 рет қаралды

Image 0«Бекiре-2015» операциясының барысында полицейлер киік мүйіздері салынған жүкті ұстады.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 6 сәуірге қараған түні Атырау – Астрахань тас жолында Сарыөзек маңында жол-патруль қызметкерлері Махамбет селосының 33 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лада-Приора» көлігін тоқтатты. Жүк салғышты тексеру кезінде Батыс Қазақстан облысының 35 жастағы тұрғынына тиесілі 75 киік мүйізі салынған сөмке табылды. Тексеру жүргізілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 сәуір 2015, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.